Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 19 Желтоқсан 2023

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды

казахфильм
Фото: kaztag.kz

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды.

"Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады прокуратура.

Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Антикор "Көшпенділер" фильмінен бекініс сатып алу туралы мәміленің құнына қызығушылық танытты.

Оны бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияys сатып алғаны белгілі болды. 2017 жылы бутафор бекінісі салынғаннан 44 есе арзан бағамен сатылды. Антикор экс-министрдің осы қылмыстық іске қатыстылығын тексереді, ал "Қазақфильмнің" бұрынғы басшысы тергеуде.

Тегтер: