«Ұлттық қор – балаларға»: ақша доллар түрінде сақталатын болады

Қазақстандағы әр балаға 2024 жылдан бастап Ұлттық қордан қаражат бөлініп, арнайы шотта доллар түрінде сақталатын болады. Оны есепшоттан шешіп алу тек кәмелеттік жасқа толған соң мүмкін болады
«Ұлттық банк басқару органы ретінде тиімділікті арттыру бағытында тиісті жұмыстарды жүзеге асыруда. Бұл қаражат жай жатпайды. Келесі жылдан бастап есептелетін барлық қаражат инвестицияланады. Сондай-ақ оларға инвестициялық кіріс түсіп, олар да доллармен сақталып отырады. Барлық қаражат Ұлттық қорда сақталып, бала 18 жасқа толған соң жеке есепшотына аударылады. Ал бала кәмелет жасқа толғанға дейін бұл ақша доллар түрінде Ұлттық қорда сақталатын болады», - деп ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша қазіргі уақытта «Қазпошта», «Отбасы банкімен» қатар екінші деңгейлі банктердің де қызығушылық танытып отырғандарын атап өтті.