Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 05 Тамыз 2024

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының келесі қаражаты қашан есептеледі?

в
Фото: pixabay

ҚР Үкіметі «Ұлттық қор – балаларға» жобасына 13 мың өтінім қарастырылғанын мәлімдеді. 

2024 жылдың ақпан айында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша төлемдер басталды. 6,9 млн баланың шотына $100,05-дан аударымдар жүргізілді.

Жоба жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге бағытталған. Биыл қаражатты пайдалануға 16,6 мың өтінім берілді, оның ішінде 13 мың өтінім орындалды. Орындалған өтінімдердің жалпы сомасы $1,3 млн-ды құрады, делінген хабарламада.

Келесі қаражат 2025 жылдың ақпан айында есептеледі. Бұл балалар мен олардың отбасына қосымша қолдауды қамтамасыз ететіні айтылған.

Тегтер: