Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:27, 30 Қыркүйек 2023

Ұлттық ұланның үш офицері оқу-жаттығу кезінде жарақат алды

жарақат
Фото: informburo.kz

Жамбыл облысында Ұлттық ұланның үш офицері оқу-жаттығу кезінде жарақат алды.

«Айша-Бибі полигонында Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес атыс жаттығулары өткізілді. Қауіпсіздікті бұзу нәтижесінде үш офицер аяғынан жеңіл жарақат алды. Әскери қызметкерлер Тараз қаласындағы емдеу мекемесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды мүшелер зақымданбаған», - деді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі сенбіде.

Белгілі болғандай, оқиға 25 қыркүйекте болған.

Оқиға барысында бірінші және үшінші роталардың екі командирі мен аға лейтенант жарақат алғаны анықталды. Олар аяғынан граната жарылысынан жарақат алған. Бірақ жарақат алу себептері ресми түрде хабарланған жоқ. Ұлттық ұлан оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр деп хабарлады.

Тегтер: