Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:30, 28 Ақпан 2022

Ұлттық банк 98,1 млн долларға валюталық интервенция жасады

None
None

Әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 28 ақпанда KASE қор биржасында сауда-саттық Франкфурт аукционы түрінде өтті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады. 

Франкфурт аукционы тетігі аукционның түпкілікті бағасын айқындауға мүмкіндік береді, ол бойынша мәмілелердің барынша жоғары ықтимал көлемі жасалады және негізсіз құбылмалылықтың алдын алуға бағытталады.

Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 495,00 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 159,5 млн АҚШ долларын құрады. ҚРҰБ валюталық интервенциялары 98,1 млн АҚШ доллары, ҚРҰБ қатысу үлесі 61,5% болды.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Баспасөз қызметі

Бұған дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:00-де доллардың орташа сараланған бағамы бірден 28,34 теңгеге көтеріліп, 495 теңгеге жеткенін хабарлаған болатын.

Тегтер: