Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:01, 05 Қыркүйек 2022

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

None
None

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 14,5 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,5 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15,5 пайызды, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 13,5 пайызды құрайды", — делінген хабарламада.

Шешім қалыптасқан экономикалық жағдайды, тәуекелдер теңгерімін, сондай-ақ Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдарын ескере отырып қабылданды. Логистикалық қызметтер құнының өсуінен, сауда әріптесі болып табылатын елдердегі жоғары инфляциядан және теңге бағамының рубльге қатысты әлсіреуінен туындаған сыртқы сектор тарапынан қысым сақталуда. Дегенмен әлемдегі азық-түлік бағасы төмендеп келеді.

«Бағаның өсуіне түрткі болған ішкі қозғаушы күштер арасында әлемдік нарықтардан кейін азық-түлік бағасының төмендеуін тежейтін және орта мерзімді перспективада сұраныс тарапынан жоғары қысым көрсететін ынталандырушы фискалдық серпінді атап өтуге болады», — делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Тегтер: