Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14 пайызға дейін көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені ± 1,00 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
"Өтімділікті ұсыну тұрғысынан тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15 пайыз, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13 пайыз болады.
Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдердің салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға ауысуы жағдайында Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді. Үш жыл бойы байқалып отырған оң фискалдық қарқын инфляциялық процестердің маңызды қозғаушы күні болып қала береді", — делінген хабарламада.