Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:49, 08 Тамыз 2022

Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?

None
None

Қазақстан Ұлттық банкі 2021 жылғы қаржылық тұрақтылық туралы есебін жариялады. Оған қарағанда, былтыр карантиндік шектеулердің бәсеңдеуі іскерлік белсенділікке оң әсер еткен.

Сәйкесінше бұл экономикалық өсімге қолайлы болды. Ұлттық банктің есебіне сенсек, тауар тасымалындағы қиыншылықтар мен қуат көздерінің қымбаттауы инфляциялық қысымға әкелді. Соның әсерінен экономикасы дамыған елдерде ақша-кредит саясатының күшейіп, мемлекеттік қарыздар өсіп және бюджет тапшылығы байқалады. Жаһандық сын-қатерлер бізді де айналып өтпеді. 

Банктер берген жаңа несиелер көбейген 

«Мемлекеттік қаржының дисбалансы фискалдық саясат үшін негізгі тәуекел. Бұл бюджет шығыстары мен мұнайдан тыс кірістер арасындағы  тым үлкен алшақтықтан көрініп отыр. 2014 жылдың аяғында мұнайдың арзандауы осы саладан түсетін қосымша табыстың жинақталуына тұсау салды. Бұл, Үкімет қолындағы таза активтердің төмендеуіне әкелді. 2021 жылдың соңына қарай таза активтер ЖІӨ-ге қатысты ең төменгі мәнге жетті», — делінген Ұлттық банк мәліметінде. Сондай-ақ, онда жағдайды жақсарту үшін Бюджет кодексіне енгізілген фискалдық ережелерді сақтау маңызды екені айтылған. Олар Ұлттық қор активтерін сақтап, бюджет шығысының шамадан тыс өсуін тежейді. Сонымен бірге өткен жылы қаржы ұйымдарының несиелік қызметі қарқын алды. Банктердегі несие портфелі 27 пайызға ұлғайды. Ол  жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген жаңа несие есебінен өскен.   

Тегтер: