Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:48, 21 Ақпан 2020

Ұлттық Банк зейнет Қорының $300 млн активін шет ел компанияларының басқаруына берді

Бұл туралы Ұлттық Банк жариялаған құжаттан белгіліболды.

Зейнет Қоры активтерін кезең-кезеңмен шет елкомпанияларының басқаруына беру процесі былтыр қараша айында басталған болатын.

Дамыған елдердің акцияларына салу үшін  HSBC Global Asset Management (UK) Limitedкомпаниясы тартылып, оған «Жаһандық бейтарап акциялар» мандаты бойынша $100 млнқаржы берілген еді. Инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигацияларға салуүшін, «Доллармен бағамдалған, инвестициялық деңгейі барынша капиталдандырылғанжаһандық корпоративтік облигациялар» мандаты бойынша  Principal Global Investors (Europe) Limited жәнеPGIM Fixed Income компанияларының әрқайсысына  $100 бөлінді.

Ұлттық Банктің мәліметі бойынша, биылғы жылдың бастапқыкезеңіне қарай, зейнет активтері қоржынының сыртқы басқаруға көшкен үлесі  2%-ға (211,9 млрд теңге) өскен.

Ұлттық Банк шет елдік басқарушы компаниялар құзырынабермекші қаржының жалпы сомасы $2,8 миллардты құрайды. Бұл процесс екі жылғасозылады.  

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер: