Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:39, 17 Қараша 2022

Ұлттық компанияны қарызға тықты!

None
None

Кеше «ҚазМұнайГаз» басшысы Мағзұм Мырзағалиев компанияның қарызы 8 миллиард 366 миллион долларды құрағанын мәлімдеді.

Бұл қайта компания қарыздарының азайғаны деп қуана айтыпты. Оның сөзінше, бұрын компанияның қарызы19 миллиард доллар болған.

Мәссаған, бұған күлеміз бе, жылаймыз ба?

Жай бір кәсіпорын болса бір жөн, анау-мынау себептермен үлкен қарызға батып қалған.

– «ҚазМұнайГаз» деген мұнай өндіретін еліміздің ең басты ұлттық компаниясы емес пе? Анығында, оның ешқандай қарызы болмауы керек еді ғой? Мұнай бағасы жоғары боп тұрған кезде оны сату үшін пәлендей менеджменттің де керегі жоқ. Масқара ғой, ұлттық компанияны қарызға тығып қойып, «қарызымыз пәленбай» деп түк болмағандай әңгіме айтып отыр. Айтпақшы, осы Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі боп тұрған тұста газ бағасы күрт көтеріліп, оның арты қаңтар оқиғаларына алып келген еді, – дейді сарапшы Қазбек Бейсебаев.

Тегтер: