Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:53, 19 Қараша 2019

Ұлттық мәдени игіліктер

Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттықмәдени игілік объектілерінің айрықша режимі бойынша сарапшы комиссияның отырысынөткізді.

Сарапшы комиссияның мақсаты – отандық музейлердің қорындағыел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша маңызы бар ұлттық мәдени игілікобъектілерін анықтау. Сарапшы комиссия ұлттық мәдени игіліктер деп таныған құндыжәдігерлер алдағы уақытта мәдениет және спорт министрлігі жүргізетін Ұлттық мәдениигілік объектілерінің мемлекеттік тізіміне енгізілетін болады.

Ұлттық музейде өткен шараға мәдениет және спортминистрлігінің мәдениет және өнер істері департаментінің директоры К.Сейітова,министрліктің музейлер мен кітапханалар басқармасының басшысы Г.Пазылова, ҚР Тұңғышпрезиденті  – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары К.Ақтаева, Нұр-Сұлтанқаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Н.Мұхамбеталина, Ә.Қастеевмузейінің директоры Г. Шалабаева, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары А.Сатубалдин,археолог-ғалым, т.ғ.д., профессор Ж.Таймағамбетов, кескіндемеші-суретші Қ.Ахметжан,ҚР Орталық мемлекеттік музейі директорының орынбасары Б.Дандығараева және т.б қатысты.

Сарапшы комиссия отырысының қарауына отандық 26мемлекеттік музей қорынан 1153 ұлттық мәдени игілік объектілері ұсынылды. Соныңішінде Ұлттық музей қорынан – 85; Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейініңқорынан – 380; ҚР Орталық мемлекеттік музейінен – 69; Ықылас атындағы халықаспаптар музейінен – 8; Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының«Алжир» мемориалдық мұражай кешенінен – 3, С.Сейфуллин музейінен – 7; Павлодароблыстық мәдениет басқармасына қарасты үш музейден (Невзоров музей-үйі, Бұқаржырау атындағы әдебиет және өнер музейі, Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетанумузейінен) – 43; Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінен – 48; Маңғыстау облыстықтарихи-өлкетану музейінен – 21; Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінен– 14; Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасына қарасты сегіз музейден (облыстықтарихи-өлкетану музейі, Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі, Әйтекеби, Байғанин, Ойыл, Хромтау, Ырғыз, Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейі) –54; Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінен 44 жәдігерді мемлекеттік тізімгеенгізу үшін қаралды.

Сарапшы комиссияның шешіміне сәйкес, ұлттық мәдениигілік нысандары деп танылған жәдігерлер мемлекеттік тізімге енгізіліп,бекітілген ресми құжат түрінде қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік жәнежекешелендіру комитетінің порталына жарияланады.

Тегтер: