Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:43, 09 Шілде 2020

Ұлттық пантеонда ұлттың ұлдары жата ма, әлде...

 Биліктің халыққа  қырын қарағаны соншалық – тіпті бұл  фәниден  бақилыққа оза  қалатын  болса, жататын  орындарында жұртпен  бірге емес, жеке  салып  алғаны белгілі.

Оны «Ұлттық пантеон»  депәспеттейтінін қайтерсің. Биліктің халықтан алшақтауының  біркөрінісі – осы. Өлсе де, кілең атқамінерлер жеке  жатқысы келеді. Бұл  шіркіндерге дауа  жоқ шығар. «Үкімет  қаулысымен  онда кімдер жерленетіні  белгіленіп қойылған. Басы мемлекет басшыларынан  басталатын сала  құлаш шешім де бар. Әлгі өмірден  өтіп, пантеонда  «жатуға» бағы жанғандардың  қатын-қалаштарына да  сол «Ұлттықтан» орын бұйырмақ. Сорақысы осы. Олар кімнің  шікәрәсі?Ұлтқа  қандай еңбегі  сіңді? Түсініксіз. Жарайды,  ол басқа әңгіме. Десек  те, осы пантеонғажатуға барлық шенеуніктер, министрлер т.б  құқылы  ма? Министр болып, әкім болып  жүріп  ұлт үшін бір қурайдың  басын  сындырмаған, қолы  жеткен билікті тек  қарақан басының  қамы  үшін пайдаланған мырқымбайлар қалай  ғана «Ұлттықтан»  орын алмақ? Мәселе осында. Меніңше, халықтың  еркінен тыс, биліктіңпәрменімен  дүниеге келген «Ұлттық  пантеонға» жататындар ұлт  үшін,  мемлекет үшін еңбек еткендер  ғана болуы  тиіс. Сонда ғана  құрмет  болмақ. Өзін жарты «құдай» сезініп жүргендердің  (пантеон – гректілінде «құдайларға арнап соққан пұтхана» дегенді білдіреді)  бәрі топырлап осында жерленетін  болса,  онда «ұлттық» деген атаудан қандай қадір-қасиет қалмақ? Қазірдің  өзінде   пантеоннан екі  метр жер алып, сондашалқасынан  түсіп  жатқысы келіп жүргендер көп. Тіпті мұның  соңы кәдімгідей бәсеке,  тартыс болып кетуі де ықтимал. Өкініштісі  сол», – дейді белгілі  қоғам  қайраткері Азаматхан Әміртай.  

      «Ұлттық пантеонға»  жату үшін,  расында да,  ұлтқа еңбегі  сіңген,  қал-қадірінше халықпен бірге  болған азаматтар  ғана жатса, әңгіме  басқа. Тағы бір  мәселе – атқамінерлерге   арналып, Нұр-Сұлтанда  салынған бұл  қорым  қаншалықты мәңгілік  мәнін жоймай тұра  бермек? Күмәнді.Ертең-ақ  бұл  жүйе өзгерері  хақ. Билікке  қарақан бастың  емес, ұлттық  мүддеге жұмыс істейтіназаматтар келері  анық. Бәлкім, сол кездежүздеген миллиондарды  шашып тұрғызылғанбұл  пантеон қажет болмай  қалуы да мүмкін.

    Ең дұрыс жол – ақыры «ұлттық»  деп атберген  соң, бұл  зираттар қорымын киелі  Түркістанға, онда  да Ясауи  кесенесінің маңына   салу  керек еді. Сонда мәңгілік  мәнін жоймаседі. Тарихтан қарасақ,  кесене  маңайына қазақтың  игі жақсылары, жүздеген хан,  батыр,билер жерленгені  белгілі. Кесенеге  зиярат ете келгендер пантеонға соғып,  онда кімдер  жатқанын  білер еді.  Сонда  «Ұлттық пантеонның»  мәні де  арта түсер ме еді?

    Тағы бір  мәселе – тек билікте  қызмет етіп, өмірден  өткен кез келген  шенеуніктің мүрдесін пантеонға  қарай көтеріп ала  жөнелмей, ұлтқа,  мемлекетке адал  қызмет еткендерді  ғана екшеп қойған  жөн болар. Әйтпесе билікте жүріп  жемқорлыққа, парақорлыққа  белшесіненбатқандарды  да әлгі «ұлттық» деген  қорымға жерлей берсек,  онда оның атын  халық «ұры-қарылардың  мәңгілік  мекені» деп атап кетуі де  мүмкін-ау.Осыдан  сақ  болған жөн.

Күлтегін БЕК

Тегтер: