Ұлттық қордан қолыңды тарт!

Қазақстанның Ұлттық қорын опырып жатырмыз! Биыл жыл басынан бері Ұлттық қорымыз 53,9 миллиард доллардан 51,6 миллиард долларға дейін азайып кетті.
Тек қыркүйек айында бірден жеті пайызға кеміген!
Қыркүйек айында Ұлттық қордан рекордтық 2,2 миллиард доллар жұмсалды. Бұған дейін қордан қомақты қаражат 2014 жылдың қыркүйегі мен 2020 жылдың наурызында алынған еді. Ол кездегі себептер түсінікті. Бірақ 2022 жылдың қыркүйегінде қоржынға мұншалық қол салатындай не сұмдық боп қалды? Мұнай бағасы қазір аса жоғары деңгейде, ендеше, Ұлттық қордың түсімі де жоғары болуы керек. Бірақ соған қарамастан, біз өз байлығымызды жай ғана жемей, тым оңдырмай опырып отырмыз. Өз болашағымызды өзіміз құртып жатырмыз.Қазақстандық қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев еліміздің ортақ байлығын сақтап қалуға мүдделі тараптардың барлығын Ұлттық қорды дереу БЖЗҚ сияқты жеке құрылым ретінде бөліп тастауға шақырады.
Өйткені Ұлттық қор қазір Ұлттық банктің қолындағы құр есеп-қисап түрінде ғана тұрған қор болып отыр.
«Ұлттық қорды бөлек шығарып, оның инвестициялық декларациясын, портфелінің құрылымын жиі-жиі жария етіп тұру керек», – дейді ол.
Рас-ау, Ұлттық қор деген министрлердің жеке-дара сандығы емес, ол – халықтың ортақ қоры емес пе еді?!
Ай | Ұлттық қордың активі | көлемі, млн доллар | алдыңғы айдан бергі өзгеріс, % | жыл басынан бері өзгеріс, % | 05.21 | 58 575 | 1,54 | -0,29 | 06.21 | 57 343 | -2,1 | -2,38 | 07.21 | 56 903 | -0,77 | -3,13 | 08.21 | 56 863 | -0,07 | -3,2 | 09.21 | 55 058 | -3,17 | -6,27 | 10.21 | 55 087 | 0,05 | -6,22 | 11.21 | 54 919 | -0,31 | -6,51 | 12.21 | 55 324 | 0,74 | -5,82 | 01.22 | 53 908 | -2,56 | -2,56 | 02.22 | 53 996 | 0,16 | -2,4 | 03.22 | 52 986 | -1,87 | -4,23 | 04.22 | 52 622 | -0,69 | -4,88 | 05.22 | 53 940 | 2,51 | -2,5 | 06.22 | 51 864 | -3,84 | -6,25 | 07.22 | 53 302 | 2,74 | -3,66 | 08.22 | 53 815 | 0,96 | -2,73 | 09.22 | 51 605 | -4,11 | -6,72 |