Ұлттық жоба аясындағы қарқынды жұмыстар

Соңғы жылдары еліміздің әлеуеті біршама жақсаруы үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы әзірленген болатын.
Осы орайда Алматы қаласы мен аудандарында біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Жалпы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының әу бастағы мақсаты – халықтың базалық қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуімен қатар, тұрғын үй коммуналдық жағдайын, көліктік байланысты жақсарту мен еліміздің транзиттік әлеуетін арттыра отырып, халықтың ұтқырлығын арттыру болатын. Нақты айтқанда, халықтың қолайлы өмір сүру дағдысына бағыттау болып табылады.
Ал жобаның жүзеге асуы үшін ең бірінші инфрақұрылымдық кешенді дамыту жұмыстары енгізілген болатын. Осы жоба аясында биыл қала әкімдігі Алматы қаласын дамыту орталығымен бірлесе қырықтан астам сарапшылармен ақылдаса отырып, «Алматы қаласын дамытудың – 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» жобасын әзірлеген болатын. Енді осы жоспар аясында маусым айының жиырма жетісінен бастап, қоғамдық талқылау үшін Даму жоспарының негізгі басымдықтарының жобасын әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. Бұл біржағынан қала тұрғындарының пікірі мен ұсыныстарын білуге арналған болатын. Ондағы түскен өтініш 13,6 мыңнан астам қаралым жинап, 1280 пікір жазылған. Ұсыныстардың басым бөлігі экология мен абаттандыруға, жайлы қалалық ортаны құруға қатысты болған.
Сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға қатысты біршама қиындықтар да туындаған болатын. Яғни халық санының өсуі мен жаңа аумақтардың қосылуы. Сол себепті, қала әкімдігі білім беру саласына қатысты жаңадан он бір мектептің қосылуын қамтамасыз етті. Осы орайда Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Осы мәселелерді шешу үшін қалада басқарылатын тапшылық орта мерзімді саясаты іске асырылатын болды. Жаңа мемлекеттік және жекеменшік білім беру объектілерін салу есебінен орын тапшылығы қысқарады» деген болатын.
Мәселе тап-тұйнақтай шешіліп, мемлекеттік мектептердің бастауыш сыныптарын тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында уақытша орналастыру қарастырылды. Сондай-ақ 2022 жылдан басынан бастап, 54 жекеменшік балабақшалар ашылған болатын. Енді мектепке дейінгі дайындау ұйымдарына тағы 15 жеке балақбақша мен 2 мемлекеттік балабақша қосылу жоспарда қарастырылған.
Ал білім саласындағы жасалынып жатқан жұмыстар мен өзгерістерге келсек, биыл біілім беру саласында 7800 орындық 5 мектеп пен 3250 орындық 6 мектеп салынатын болады. Сондай-ақ 1270 орынға 5 қосымша құрылыс пен 1800 орындық 2 ғимаратты сатып алу жоспарланған. Алдағы уақытта бұл істердің де нәтижесін көретініміз анық.
Осы мәселеге қатысты қала әкімі Ерболат Досаев алдағы уақытта Нұркент, Дархан, Рахат-Мәдениет, Томирис ықшам аудандарында 1500 орындық мектеп пен Саялы ықшам ауданында 1800 орындық мектептерді салу жұмысы аяқталатынын айтқан еді.
— Саялы-2 және Зерделі ықшам аудандарында әрқайсысы 550 орындық пен 2 мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Соған орай, Саялы-2 ықшам ауданында мектепті салуға қатысты мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурс та жарияланды. Сондай-ақ мектептерді салуға қатысты құрылыс жұүмыстары қыркүйек айында басталып, 2023 жылдың қараша айына дейін аяқтау басты жоспарда тұр. Ал Зерделі ықшам ауданындағы жобалық-сметалық құжаттамалар осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін бітіреміз. Ол жұмыс 2023 жылдың наурыз айында басталып, 2024 жылдың тамыз айының соңында аяқталады, – деп пікір білдірді.
Сондай-ақ жоба бойынша алдағы уақытта қолданыстағы аумақтардың халықтың түрлі жастағы топтарына қарай көпбейінді кеңістік ретінде қайта құру жұмыстары көрсетіліп, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды жақсарту жоспарда көрсетілген. Одан бөлек, бұрыннан қолданыста келе жатқан суару жүйелерін қалпына келтіріп, скверлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарықтандыру жүйелері әзірленеді. Әрі жаңбырдан кейінгі су басуға жол бермеу мақсатында су бұру жүйелерін әзірлеуде жобада қарастырылған.
Тағы бір айта кетерлік жағдай, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданы мен Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында ескі үйлерге қатысты, инженерлік желілерді тарту, автобустардың бағыттарын өзгерту мен сергек камераларды орналастыруға, балалар мен спорт алаңдарын салу, сонымен қатар жерүсті жаяу өтпелі жолдардың реттелуіне қатысты мәселерді көтеріп, арнайы жұмыс күші жасақталатындығын айтқан болатын.
Сонымен қатар қала әкімі Қарасу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында да өңірлерді дамытуға қатысты жұмыстарға байланысты мәселелерді талқылап, алдағы уақытта Мәдениет үйін сатып алуға қатысты тапсырма берді.
Алматы қаласының «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының аясында атқарылған жұмыстардың реті осылай. Алдағы уақытта бірнеше жылға созылған аталмыш жоба өз тиімділігін көрсетері анық.