Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 08 Қазан 2019

Ұлы даланың тұлғалары. № 11020 инженер-геолог Мерғали Қадылбекұлының ісі

«Жас Алаштың» 79-нөмірінде (3 қазан 2019 жыл)профессор Мәмбет Қойгелдиевтің «Геология – бұл атамекен тарихы» және №11020инженер-геолог Оразалы Жандосовтың ісі туралы мақаласы жарияланды.

Бүгін қазақтан шыққан алдыңғы буын геолог-инженерлердіңтарихы мен тағдырына қатысты тақырыпты жалғап, Мерғали Қадылбекұлы туралы мақаланыназарларыңызға ұсынып отырмыз.  

Мерғали Қадылбекұлы, жалпы, Қадылбековтерәулеті туралы орнықты мақаланың авторы – профессор Төлеутай Ақшолақов. Ол алғашқыбуын қазақ зиялыларының көзін көрген, іздегенін тапқан тамаша педагог-ғалым. Қадылбековтерәулетінің жерлесі әрі ағайыны. Баянауылдан. Төкең «Осы жұрт Каделенколарды (Қадылбековтерді)біле ме екен?» деген танымдық мазмұндағы мақала жазып, Павлодардан шығатын«Сарыарқа самалы» аталатын газетке жариялайды. Сол мақаласында ол Павлодар өңіріндеXX ғасырдың басында Шорман би әулеті бастап, Сәтбаевтар, Барлыбаевтар, Күленовтерәулеті қостап, орыс оқу орындарында бала оқытуды дәстүрге айналдырғанын жазады.Бұл бір үлгі-өнеге алатын дәстүр еді. Осы үрдіске орта шаруа иесі Қадылбек ақсақалда қосылып, төрт бірдей баласын білім алу жолына салады. Ұлт тарихында терең ізқалдырған Нұрғали мен Мерғали Қадылбековтер осы әулеттен. Қадылбектің үлкені Нұрғалифамилиясын өзгертіп, «Каделенко» аталып кеткен. Бұл жағдайдың қысқаша тарихымынадай: Нұрғали бастауыш білімді Павлодардың жанындағы Коряковка селосындағыорыс-қазақ мектебінде алады. Сонан соң Омскі қаласындағы мұғалімдер семинариясынаяқтайды. Украин достарының ықпалы болса керек, Баянауылда өткен бір жиналыстаорысшаны украин акцентімен сөйлеп, сонда жиналысқа қатысып отырған бір досы «Нұрғали,сен нағыз хохолша сөйледің, енді сені Каделенко атайтын шығармыз» деп қалжыңдайды.Содан соң оны достары «Каделенко» атап кетеді. Тіптен бұл атау біртіндеп ресми құжаттарғада енеді.

Мерғалидың №11020 тергеу ісіндеоның өмір жолы мен қызметіне қатысты мәліметтер көп емес, дегенмен бар. Бұлретте көзге түсетін құжат, әрине, тұтқынның өмір жолына байланысты толтырылған«Анкетасы». Онда Мерғалидың 1907 жылы Қарағанды облысы Баянауыл ауданы Жаманқыстауауылында өмірге келіп, тұтқынға алынған сәтте Алматы қаласы Дзержинскі көшесінің58-ші үйінде тұратындығы айтылған. Білімі жоғары, Мәскеудің геологиялық-барлауинститутын аяқтаған. Қызметі туралы Текелі руда басқармасының техника бойыншабасшысы екендігі жазылған. Мамандығы – барлаушы-инженер, сондай-ақ Бүкілодақтықгеологтар одағының мүшесі екендігін білдірген. Бұл кезде жеке тұлғаның әлеуметтіктегіне жете көңіл аударылған. Осы графада 1925 жылға дейін кедей шаруа, ал 1926жылдан құлаққа жатқызылған отбасынан екендігін көрсеткен. 1931 жылдан БК(б)П-ғамүшелікке кандидат екендігін де жазған. Денсаулығына байланысты талма ауруы барекендігін көрсеткен. Отбасында 70 жастағы анасы Мақыштың, зайыбы Мәрзияның,сегіз жастағы қарындасы Қалимаштың бар екендігін айтқан. 1937 жылы 9 маусым күніжүргізілген тергеуде тергеуші Мерғалиға «Орынборда рабфакта оқып жүргенде қазақстуденттерінен кімдермен таныс болдыңыз?» деген сұрау қояды. Бұл сауалға Мерғали:«Ажимов Рамазанмен, Бисалиев Хамитпен, Оспанов Өмірбекпен, Өтеулиев Есенмен, ҚожаевҒалимен, Адамов Жан, Мәмбетов Байжанмен. Бұлардың арасында Оспановпен,Бисалиевпен және Мәмбетовпен жылы қатынаста болдым», – деп жауап берген. Ал «Мәскеудегітау-кен институтында оқып жүргенде қандай қазақ студенттерімен қатынасып жүрдіңіз?»деген сұрауға ол: «Мен Дәуітовпен, Мұташевпен, Қуанышевпен, Базатаев Дүйсенмен,Омарбековпен, Қожаевпен, Қалдыбаев Тұрармен, Жандосов Оразалымен таныс болдым»,– деген мәлімет береді.

Осы ретте, келесі бір құжаттаМерғалиды 1929 жылы Орынбордағы рабфактан контрреволюциялық ұлтшылдық қызметі үшіншығарылғандығы жөнінде айтылады. 1937 жылы сәуірде жазылып, мемлекеттік қауіпсіздіктіңаға лейтенанты Марсельский қол қойған осы анықтамада Мерғалидың геологиялық-барлауинститутын 1932-33 жж. аяқтағандығы көрсетілген.

Жоғарыда қойылған сұраулар арқылытергеушінің қазақ жастары арасындағы көңіл күйді білгісі келгендігін байқауғаболады. Сонымен бірге осы ретте алынған мәліметтер тергеушіге репрессиялықшаралар ауқымын кеңейте түсу үшін де қажет еді.

Мерғали Қадылбекұлы ұлт өмірініңаса бір күрделі кезеңінде мамандығына сай қызметке араласып, басқа да құрдастарысияқты өнеркәсіп ошақтарын салу арқылы елдің өмірін жаңа сапаға көтеругеболатындығына сенді. Белгілі журналист Мыңбай Ілес аталған мақаласында «ОразалыЖандосов пен Мерғали Қадылбеков «Казполиметалл» тресінің басшылығында қызметістеген екінші бесжылдық кезінде (1933-37 жж.) Қазақстанның түсті металлургиясыжедел қарқынмен дамыған болатын. Түсті металдардың кейбір түрлерінің жалпы өнімініңкөлемі жағынан Қазақстан Одақ бойынша бірінші орынға көтерілгені белгілі» дегенойды айтып, осы ретте, экономиканың бұл аса маңызды да күрделі саласында ҚазақРеспубликасының өз орнын анықтау ісіне аталған екі инженер-геологтың қосқан үлесіқомақты екендігін орынды атап көрсетеді. Мәселен, 1934 жылы өнім бере бастағанШымкент зауыты 1934 жылы бүкіл ССРО көлемінде қорытылған қорғасынның 73,2пайызын берді.  Ал бұл зауыттың солкездегі негізгі шикізат көзі Ащысай және Текелі рудниктері болатын. Өз ретіндебұл шикізат көздерін ашып, оларды өндіріске қосу ісінде М.Қадылбеков пенО.Жандосовтың атқарған қызметін асыра бағалау мүмкін емес-тін. Соған қарамастан,мәселен, бұрынғы советтік идеология салған сүрлеуге түсіп, көптомдық Қазақстантарихының соңғы басылымын Қоңырат және Бощекүл сияқты мыс көздерін ашу ісіндеМ.Русаков және Р.Борукаев сияқты геологтардың рөлі орынды аталып, ал Қаратаумен Алатаудағы қорғасын кені көздерін іздеп табудағы қазақ геологтарыО.Жандосов пен М.Қадылбековтің аттарын атауға келгенде авторлар сараңдықтанытады.

Осы арада тарих жазу ісінде бұрыннанкеле жатқан мынадай даулы мәселені айналып өту мүмкін емес. Ол отандық кен көздерінигеру ісіне байланысты. Қазіргі уақытта біз қазақ жері одақтық өнеркәсіпалыптарының шикізат көзі болды деген өкінішті ойды айтып жүрміз. Шындық солай.Сонымен бірге шикізат көзі болу бізге тағдырдың жазуымен бұйырған жалғызбаламасыз жол емес-тін. Мұндай жолды бізге күштеп таңған орталық мәскеулікбилік еді. Егер бұл мәселені тарихи сабақтастық арнасында қарар болсақ, онда қазақжерінің кен көздерін игеру метрополия (патшалық және советтік) жүргізген бағыт,мазмұннан басқа арнада жүруі әбден мүмкін еді. Ол алаштық буын ұсынған жол-жоба-тын.Мәселен, 1905 жылы семейлік Омархан молла Мусафыров, Темірғали Нүрекенов жәнеАпық Жолшариннен тұрған топ ішкі істер министріне жолдаған петицияларында: «Қазақтың таулы даласында ашылған қазбабайлықтары олардың өз меншігі, ал ол жерде салынатын зауыттар қазақтардыңиелігінде болып есептеледі. Егер де қазақтардың өздері кенді өндіруден бастартса, сонда ғана кен орындарын басқа адамға жалға беруге олар құқылы. Жалғаалған адам жер иесіне әр десятинаға жалақы төлеуге тиісті», – дейді. Бұлпатшалық билікке жөнелтілген арыз-тілектегі ұсынысты кейін, яғни 1917 жылы ІІжалпықазақ съезі енді советтік басшылыққа тапсырылған қарарында мынадай мазмұндақайталайды: «III. «Алаш» автономиялықоблыстарының территориясы жерүсті бар байлықтарымен, өзен-суы, оныңберекесімен, сондай-ақ жерасты кендерімен «Алаш» меншігін құрайды». Бұл ұсыныстыжасай отырып ұлттық басшылық оның орындалуынан үміттенді. Өйткені солшыл қанаттағыорыс демократиясының бастапқы кезеңде берген уәдесі аса зор еді. Бірақ көп ұзамай-ақорталық советтік билік соңғы өнім шығаратын өнеркәсіп ошақтарын құру ісі«жалпыодақтық» мүдде тұрғысынан шешілетіндігін мәлімдеді. Қазақ жеріндегі кен көздерінигеру ісі осы ұстанымға бағындырылды. Орталық алғашқы бесжылдықтар жоспарын жасаубарысында Қазақстанның орнын ресейлік өнеркәсіп ошақтарына шикізат өнімдерінберуге тиіс өңір ретінде анықтады. Бұл ұстанымға ашық та анық қарсы шығып, соңғыөнім шығаратын өнеркәсіп орындарын шикізат көзіне жақын салуды орталықтан талапеткен Смағұл Сәдуақасов сияқты қайраткерлер Қазақстаннан тыс жерлерге ығыстырылды.Қазақ өнеркәсібінің даму жолдары туралы сөз болғанда бұл тарихи шындықты ұмыт қалдыруғаболмайды. Сол сияқты Оразалы мен Мерғали сияқты ұлт мамандары қазақ жеріндегікен орындарын ашқанда сол ашылған байлықтың берекесі алдымен осы жердің иесі – қазақхалқына жұғымды болуға тиіс деген ұстанымда тұрғандығына шек келтірудің өзіайып болар еді.

Алғашқы буын геолог мамандар қазақжерінен өндірілген қорғасын, мыс және басқа металл өнімдерінің ертең-ақ осыжерде машина жасау өндірісіне негіз болатындығына сенді және осы мақсатқа жұмысістеді. Бұл ретте олар, сөзсіз, С.Сәдуақасовпен бір пікірде, бір ұстанымдаболды. Өкінішке қарай, ұлыдержавалық ұстанымдағы орталық билік қазақмамандарының бұл ойына өріс бермеді, бұл пікірді білдірушілерді саяси қудалауғаалып, жойып отырды.

Мәселе мынада еді. Қазақ инженер кадрларының алғашқы буыны қалыптасужәне өсу барысында елдің өз қазба байлықтарын өзі игеріп, бұл мүмкіндікті елдіңтәуелсіз даму мүддесіне жарату туралы мәселе көтеретіні сөзсіз еді және оған уақытқажет-тін. Мәскеулік орталық бұл пікірді білмеді емес, білді, сондықтан да алғашқыбуын инженер кадрларды жою, ал тірі қалғандарын тежеп ұстау жолына түсті.Мерғали, мәселен, Шымкент зауытын кен өнімдерімен қамтамасыз етуге байланыстыжазған мақаласында геолог-барлаушыларға арнап, «Біз қайткенде де зауытты руда жөніндеқамтамасыз етуіміз керек» деген ойын білдіріп, «Өлкелік геология конференциясы Қазақстанныңбайлығын зерттеу ісін жақсы жүргізу ретінде бірсыпыра шаралар белгілеп отыр»,соған байланысты «Біз алмайтын қамал, жеңбейтін қиыншылық жоқ» деп жазды.

Қазақ геология ғылымы алдымен ұлтмүддесіне жұмыс істеуге тиіс екендігін ол келесі бір «Техника кітаптарын қазақшағааудару туралы» атты мақаласында анық білдіреді. Бұл мақаласында Мерғали өзін нағызалаштық ұстанымдағы кемел маман ретінде танытады. Мақалада инженер-геолог қазақтілінде техникалық әдебиеттер буынын даярлап, техникалық термин қалыптастыру мәселесінкөтеріп, бұл істің «нәтижелі болуы үшін арадағы бар кедергілерді жойып, қазақшағатехникалық кітаптарды аудару жұмысын белгілі бір жүйеге салу керек» деген ұсынысынбілдіріп, өзінің «Минерология және геология» деген кітапты аударып, халық ағартукомиссариатының келісімімен баспаға тапсырғанын айтады. Сондай-ақ осы еңбектідаярлау барысында аудармашы ретінде өзінің жолыққан қиындықтарымен бөліседі. Мәселен,техникалық пәндерге ортақ жағдай – қалыптасқан терминдердің жоқ екендігіне, соғанбайланысты «амалсыздан термин жасап алуға тура келгендігін» жазады.

Мерғали түрлі пәндер саласындатермин қалыптастыру ісінің республикалық халық ағарту комиссариаты тарапынан қолғаалынып, тіптен бұл іске байланысты «Бюллетеньдер» жарық көре бастап, өкінішке қарай,жалғасын таба алмай доғарылғандығына да тоқталады. Бұл фактіден терминологияісі алаштық зиялылар тарапынан қолға алынып, билік идеологиясының оған шек қойғандығынбайқаймыз.

Осы аталған мақаласында Мерғалиаударма және терминология ісін терең меңгерген маман ретінде көрінеді. Мәселен,ол өз саласына байланысты байыту фабрикасы, даяр металды қорытып шығаратын кәдімгізауыт жұмысы, оларды жалғастырып тұрған теміржол жұмысы сияқты буындардағы қазақжұмысшыларына, десятниктерге, техниктерге, мастерлерге арнап күнделікті қолданыстағытерминдер сөздігін, кітапшаларды шығаруды ұсынады. Техникалық кітаптарды аударумен оларды жазудың саяси маңызы бар үлкен жұмыс екендігіне, сондықтан да бұліске жүрдім-бардым қарамай, жобалық негізде жұмыла атқаратын шаруа екендігіне көңілаударады.

Осындай, өз мамандығын терең меңгерген,бар күш-жігерімен Отанына қызмет жасау жолында ғажап нәтижелерге қол жеткізгенжас инженер-геологтың тұлғасы кімге, не үшін ұнамағандығы  көптеген сұрауларға қозғау салары хақ. Ендіосы мәселеге тоқталайық.

М.Қадылбекұлының №11020 тергеуматериалдарында Мерғалидың 1937 жылы 19 мамырда Алматы облыстық партиякомитетінің хатшысы Жанайдар Сәдуақасовтың атына жазған түсінік хаты тіркелген.Хаттың көшірмесі өлкелік партия комитетіне жолданған. Хат Текелі руда басқармасыныңдиректоры Оразалы Жандосов пен басқарманың техникалық жетекшісі, яғни басинженері Мерғали Қадылбековтің арасындағы кикілжіңге арналған. «Ескерткенімабзал, Жандосов пен екеуміздің арамызда жұмысқа байланысты келісе алмаушылықруда басқармасы құрылған күннен бастап-ақ орын алды. Ол жөнінде өз уақытындажазба түрінде Жандосовтың өзіне де, сондай-ақ Главцветметтің бастығы жолдасШахмұрадовқа да айтылды», – деген сөзбен басталатын бұл хаттың егжей-тегжейінанықтау мүмкін болмады. Оның мынадай екі себебі бар. Біріншіден, бізге департаментархивіндегі бұл екі қайраткердің іс материалдарымен толық күйінде танысуға мүмкіндікберілмеді. Екіншіден, облыстық, аудандық және жергілікті партия ұйымдарында қаралғанбұл іске байланысты құжаттық материалдарды табудың өзі бүгінде жеңілге түспесіхақ.

Хатта баяндалған фактілердіңжелісіне қарағанда, екі басшы арасындағы келісе алмаушылық Текелі кен орындарынигеру қарқыны мен оған бөлінетін қаржы төңірегінде жүрген сияқты. Бұл мәселегебайланысты республикалық басшылық арасында да ортақ ұстаным болмай, дискуссияғатартылғандар екіге жарылғандай әсер қалдырады. Мәселе 1936 жылы республикалық үкіметтің,сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау комитетінің мәжілістерінде қаралады. Осыотырыстарда Мерғали, мәселен, жоспарлау комиссиясының төрағасы В.Андроников пеноның орынбасары А.Кельмансонның Оразалы ұстанымы жағында болғандығынан мәліметбереді. Мерғали өз тарапынан Оразалының ұстанымымен келісе алмайтындығын білдіріпашық басылымға шығады. Оның бұл қадамы күрескер тұлға екендігінен хабар берсекерек.

Осы ретте, мынадай жағдайдыескерген артық емес. Бұл қоғамда 1936-37 жылдары орын алған нәрсе. Ұзақжылдардан бері бірін-бірі жақсы білетін әріптес-достардың арақатынасына негебайланысты кірбің түсті? Директор мен оның орынбасары арасындағы өзара келісе алмаушылықнеге шиеленісіп кетті? Бұл іске теріс пиғылдағы күштер араласып кеткен жоқ падеген күдік те оралады. Бұл кезең сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар өнеркәсіпсалаларының үстінен құпия бақылау орнатылғандығымен ерекшеленетін еді. Қорғасынөндірісі осы салаға жатты. Мәселен, осы 1937 жылдың сәуір айында Н.Ежовтыңатына Қазақ ССР ішкі істер халық комиссары Л.Залин қол қойған есеп жолданады.Онда Қазақстандағы түрлі түсті металл өндірісі саласында «зиянкестікпенайналысатын қылмыстық топтардың» жергілікті қауіпсіздік күштер тарапынан «әшкереленгені»туралы айтылады.

Түсінік-хат 1937 жылдың 19мамырында, яғни Оразалы мен Мерғалидың екеуін бірдей тұтқындауға 10 күн қалғандажазылған. Бұл жағдайдан мәселенің біраз асқынып кеткендігін аңғару қиын емес.Ендігі кезекте бұл азаматтарды қамауға алған НКВД мекемесінің дәреже-деңгейіненхабар беретін мынадай құжатқа көңіл аударайық (негізгі ой түсінікті болу үшін құжаттытүпнұсқа тілінде бердік – авт.):

«Постановление.1937 года, мая29 дня, село Талды-курган. Я, Оперу- полномоченный Алма-Атинского обл.  НКВД-Сержант Государственной БезопасностиСмирнов рассмотрев материал на гр-на Кадылбекова Миргали, казах, рождения 1907года, уроженец Барнаульского района,Восточно-Казахстанской области, из крестьян, служащий, кандидат ВК(б)П,инженер-геолог, директор Текелинского Рудоуправления, и приняв к исполнениютелеграфное распоряжение Нач. 3-го отдела НКВД КССР об аресте (ужесогласованном с Прокурором Каз.ССР) гр. Кадылбекова Миргали и этапирование егов распоряжение НКВД КССР. Постановил: Арестовать гр. Кадылбекова Миргали иэтапировать его в распоряжение НКВД КССР».

1937 жылы 29 мамырда НКВДсержанты Смирнов даярлаған бұл құжатта көзге ұрып тұрған нәрсе – Мерғалиды тұтқынғаалу туралы тапсырма беріп отырған саяси полицияның республикалық басшылығыекендігі, ал оның артында Қазақстаннан Троцкий мен Пятаковтың одақтастарыніздеген НКВД-ның Мәскеудегі басшылығы тұрғандығын аңғаруға болады. Өзкезегінде  мұндай шешімнің өз ретіндереспубликадағы партиялық және советтік басшылықтың келісімі арқылы қабылданатындығыда түсінікті. Яғни бұл фактіден мемлекет көлемінде НКВД-нің қауіпсіздік комитетініңсоншалықты құдіретті күшке айналғандығын аңғаруға болады. Ал бұл шешімдіорындайтын Смирнов сияқты облыстық НКВД қызметкерінің білім дәрежесі Барнаулмен Баянауылды, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарын ажыратаалмайтындай деңгейде еді. Міне, осы баяндалған материалдан Мерғали сияқты қызметіқоғам мен мемлекеттің өмірімен біте қайнасып кеткен азаматтың тағдырының қандайжағдай және дәрежеде шешімін тапқандығын бағамдауға болады.

Бұл келтірілген фактілікматериалдар біз қарап отырған мезгілде НКВД органдары, оның барлық буындарындағықызметкерлері елде шексіз билікті иемденіп, түрлі қиянатқа барғандығын куәландырады.Осы ретте, 1936-38 жж. ССРО-ның ішкі істер халық комиссары Н.Ежовтың әріптестерінеайтқан мына сөзі сол кездегі елдегі шындықтың нақты көрінісі еді. «Сендер неденқорқасыңдар? Бүтін билік біздің қолымызда ғой. Кімді дарға асқымыз келсе,асамыз, кімді есіркегіміз келсе есіркейміз. Осында басқарма бастықтары отырсыңдар,байқаймын, қай-қайдағы бір түкке тұрмайтын обком хатшысынан қорқасыңдар. Жұмысістей білу қажет. Шексіз билік бізде, соны түсініңдер. Обком хатшысынан бастап,бәрі алдарыңда құрдай жорғалайтын болсын. Ал сен облыстағы ең беделді адам болуғатиіссің». Большевиктер орнатқан «пролетариат диктатурасы» аталатын билік түрініңөз күшіне толық енген «жұлдызды» шағы осы кезең болатын.

ССРО жоғарғы соты әскери коллегиясыныңкөшпелі сессиясы (құрамы Горячев А.Д. (төраға), Алексеев Г.А., Микляев А.Н. жәнеШапошников Н.Н. (хатшы) 1938 жылғы 27 ақпан күнгі отырысында инженер-барлаушы,Текелі руда басқармасының техникалық жетекшісі Қадылбеков Мерғалиды Қазақстандақұрылған контрреволюциялық-ұлтшылдық, көтерілісшіл-террористік және диверсиялық-зиянкестікұйымның құрамында советтік билікті құлату мақсатындағы контрреволюциялық қызметіүшін РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 2, 7, 8 және 11-тармақтарында қарастырылғанқылмысқа сәйкес, ең жоғарғы жаза – атуға бұйырылсын, сондай-ақ оған тиесіліжеке мүлкі тәркіленсін деген шешім шығарады. Құжаттардың көрсетуіне қарағанда, бұл шешім сол күні Алматыда орындалған.

Мәмбет Қойгелдиев, профессор         

Тегтер: