Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:15, 31 Тамыз 2023

Ұлытау Ата заң күнін атап өтті

None
None

Күні кеше Ұлытау облысы Ата заң күнін атап өтті. Айтулы мерекеге орай  Жезқазған қаласындағы Халықтар достығы мен мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Іс-шара шымылдығы Мемлекеттік Әнұранмен түрілді. Салтанатты кеш барысында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы ұлытаулықтарды ҚР Конституциясы күнімен құттықтап, өңірдің бірқатар қызметкеріне Ұлытау облысының Құрмет грамотасын және облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті.

«Ата заңымыз ел бірлігін және адамның ар-ұжданы мен абыройына қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді.Тәуелсіздік рухы көрініс тапқан Конституциямызға құрмет халқымызға тән отаншылдықтың арқауына айналып отыр», деді Берік Әбдіғалиұлы.

Айта кетейік, облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының қолынан марапат алғандардың қатарында облыстың әртүрлі саласында қызмет ететін азаматтар, сот және прокуратура саласының қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер де бар.Сонымен қатар жиында Ұлытау облыстық сотының төрағасы Қайрат Адранов сөз алып, барша жиналған қауымды атаулы күнмен құттықтады.

Тегтер: