14:30, 31 Шілде 2023
Ұлытау облысында 2 мың гектар жер өртеніп жатыр
Ұлытау облысында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 30 шілдеде Ұлытау облысы ТЖД кезекші қызметіне Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 км жерде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама түскен.
«Өрттің алдын ала аумағы 2000 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге ерікті өртке қарсы құралымдар мен Ұлытау облысы ТЖД 42 адам және 11 техника жұмылдырылуда. Елді мекенге қауіп-қатер жоқ», – делінген хабарламада.
ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырды.