Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 17 Ақпан 2024

«Мәмлүк Сұлтан Бейбарыс» үмітті ақтады ма?

Мәмлүк Сұлтан Бейбарыс
Мәмлүк Сұлтан Бейбарыс

Театр – тірі өнер. Үнемі қозғалыста, үздіксіз дамып, жетіліп отырады. Әр қойылған сайын жұтынып, ширай түсуі керек. Бұл әлде – шарт, әлде – серт. 

Алматының өнерсүйер қауымы театрға кенде емес. Әр маусым сайын, тіпті маусымға да бағынбай жаңа қойылымдар сахналанып жатады. Әртүрлі театрда. Бірақ соңғы уақытта әр жерде жаңа қойылым болса да, режиссері біреу ғана. Ол – Фархад Молдағали. 

Фархадтың жақында Бейбарыс туралы саундрамасы қойылды. Спектакльдің оқиға желісі Қыпшақ даласынан құл есебінде Мысырға саудаланған Бейбарыстың қандай тағдыр кешіп, қалай әміршіге айналғанын негіз етеді. Сөз мүлде жоқ, есесіне, қойылымның кей тұстарында дабыр-дұбыр айғай көп. Қалай десек те, жаңа спектакль. Тосын.

7-8 ақпан күндері Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Мәмлүк Сұлтан Бейбарыс» спектаклінің премьерасы өтті. Қойылымның режиссері – Фархад Молдағали. Содан соң мұның қыр-сырын кәсіби мамандардан сұрағанды жөн көрдік. «Жас Алаштың» сауалына Аманкелді Мұқан, ақын, драматург Бақыт Беделхан және театртанушы Мәншүк Ташимова қатысты.

Бақыт Беделханұлы

Бақыт Беделхан: Фархадтың режиссерлік егосымен қойылған дүние

«Мәмлүк Сұлтан Бейбарыс» – драматургияға құрылмаған спектакль. Бұл тек режиссерлік шешім, режиссерлік композицияға негізделген. Әрине, бұлай да шешім қабылдауға болады. Бірақ спектакльде өте оғаш дүниелер бар. Оқиға негізі қыпшақтың баласы Мысырға барып, мұсылманшылдықты үлкен деңгейге көтеріп, патша болды дегенге саяды. Мұсылманшылдықтың мәртебесін соншалық көтеріп, қазақтың қазанын қорлап, оған дәрет алуды қалай түсінуге болады?! Анығында, дәрет алмақ түгіл, қазанға шошқаның басы түссе, кәпір саналған. Мұсылманшылдықтың отаны болған Мысырда төрт бес сарбаз қазандағы суға дәрет алады. Мұны Фархадтың өзіне де айттым. Бұл көріністен үлкен қайшылық туындайды. Осыдан келіп «араб еліне барған сорлы қазақ арабтарды түсінбейді» деген түсінік шығады. Бұл дегеніңіз – қазақтың бишаралығын көрсету. Қазақ қазанды тайқазан, патша қазан деп сыйлаған. «Қара қазан, сары бала үшін» деп жан қиған. Сөйткен қазақты қазаннан дәрет алдыртып, жуындырады. Бұлай істеуге болмайды. Әсіресе қазіргідей дін мәселесі ушығып тұрған кезде діндарлар: «Бұл тәңіризм» деп шыға келеді. Сондықтан мұндай қайшылық туғызбау керек еді. Сонан соң тағы бір үлкен мәселе – драматургияның жоқтығы. Кез келген спектакльде драмасыз, композициямен спектакль қою – іргетассыз, сазға үй тұрғызғанмен бірдей. Бұл спектакльде бір-ақ жерде драматургия бар. Қарт абыз бен Бейбарыстың сөйлесетіні. Оның өзі бетпе-бет емес, монолог сияқты сөйлеседі. Қалғанының бәрі кинодағыдай сюжеттер. Режиссерлік тұрғыда дұрыс істелген. Әттең, бұған драматургия қосылғанда спектакль жарқырап, жанар еді. Негізі Фархад бұған саналы түрде барған секілді. Өйткені қойылымға қатысып отырған «Алатау» өнер театрының актерлерінің бәрі кәсіби актерлер емес. Олар дәстүрлі әншілер, күйшілер, бишілер. Басты рөлді сомдаған Әсет Есжан секілді бір-екі кәсіби актер бар. Бұларды массовкада драматургиямен, актерлік шеберлікпен ойната алмайды. Содан соң олардың мүмкіндігіне қарай сөзі аз, іс-әрекет пен қимылға құрған деп ойладым. Жалпы режиссерлік шешім жақсы, бәрін үйлестіре білген. Тек «сөйлесе ғой» деп отырасың. Мысалы, Сұлтан Бейбарыс патша болған кезде айналаның бәрі соғыс, адамдар қорыққаннан Меккеге қажылыққа бара алмай қалған, баруға ниет еткендерді жолда өлтіріп кетіп отырған. Бейбарыс мұны шешу үшін төңірегіндегі мемлекеттермен келісімшартқа отырып, қажылыққа жол ашқан. Бейбарыстан кейін қажылыққа қайтадан сапар шегу басталған. Дәл осындай ірі-ірі тарихи оқиғаларды драматургиямен кіргізу керек еді. Бейбарыстың қыпшақтың баласы екенін режиссер көрсеткісі келеді. Бірақ жусанның иісі, Құдысты не үшін өлтірді соның себептері драматургияда айтылуы керек еді. Анығы, сөз жоқ жерде спектакль спектакль бола алмайды. Мұны саундрама дейді, бірақ оған да келмейді. Саундрама дегені – Фархадтың өзі қойған «Құлагері». Одан әйтеуір бірдеңе түсініп шығасың. Жүйрікті аяғынан шалу, кез келген жерде жүйрік трагедияға ұрынады деген дүние тұр. Бейбарыс күрделі тарихи тұлға. Соны толық ашу үшін тым құрыса екі актерді қайшылыққа салып, басқаларын массовкаға қойса жанатын еді.

Қазір өзі саундрама деген рахат болды. Шоудың стилімен, эффектілермен уақытша жұртты қаратуы мүмкін. Бірақ ғұмыры ұзақ болмайды. Мысалы, мен осы қойылымды екінші рет көрмеймін, себебі бір көргеннен бәрі түсінікті. Сонан соң осы спектакльді басқа бір театр қоятын болып «сценарийін берші» десе не дейді? Бұл спектакль болған соң оның сценарийін алып, келесі бір театр қоя алуы тиіс. Осы тұрғыдан алып қарағанда «Мәмлүк Сұлтан Бейбарыс» бір реткі қойылым. Өйткені басқа режиссер қояйын десе сценарий жоқ. Бұл Фархадтың режиссерлік егосымен қойылған дүние. Ал Бейбарысты алып шығуы, Бейбарысты көрсете алу тәсілдері жаңалық. Массовканы ойнату, әдемі детальдар мен эффекті беру қазақ театр сахнасында көп кездесе бермейтін тәсілдер. Бұл тұрғыдан жақсы деп айтуға лайық.

Аманкелді Мұқан
Аманкелді Мұқан

Аманкелді Мұқан: Спектаклдің ұтымды тұстары мол

«Алатау» дґстүрлі өнер театры – дґстүрлі бағытты ұстанған республикадағы бірден-бір бағыт-бағдары бөлек театр. Алғашқы ашылған күннен бастап репертуарлық ұстанымын бағамдап, қойылымдарын көріп келемін. Жақында қойылған
«Мґмлүк Сұлтан Бейбарыс» қо­йылымы театрдың репертуарына жаңа бағытта қойылған алдыңғы қойылымдарына ұқсамайтын спектакль болып енді. Спектакль режиссері Фархад Молдағали осыдан 8-10 жыл бұрын Ґызылжар қаласында С.Мұқанов атындағы Ґазақ музыкалық драма театрында бас режиссер жұмысында жүріп саундрама үлгісінде қо­йып танылған қолтаңбада жасалған. Профессор Маман Байсеркеновтен тґлім алып, кейін ресейлік режиссер, педагог Владимир Панковтың тґлімімен жалғастырған ізденістері отандық театрға жаңа леп алып келді. Жас режиссердің есімін дүркіретіп шығарған сол жолғы «86», кейін М.Әуезовтің «Ґарагөз», т.б. спектакльдері болатын. Фархадтың бұл «Мґмлүк Сұлтан Бейбарыс» спектаклі көпті көрген театрлар үшін кезекті жұмысы ретінде қаралса да «Алатау» дґстүрлі театрының сахнасы мен көрермендеріне жаңалық алып келді. Шынын айтқанда, «Алатау» дґстүрлі өнер театры жас, ґлі де өз бағытын іздеген театрлардың бірі. Осыған дейін ґртүрлі жанрларды байқап, шығармашылық құрамын сынап көрді. Драманы да, музыкалық комедияны да қойды, бірақ ґлі толық «дґп осы» деп айтатындай қалыпқа түсе алмай жатыр. Сондықтан бұл жолғы спектаклін біз театрдың кезекті жаңа бір бағыты, дґстүрлі театр жолында жүрген шығармашылық топтың игерген жаңа жұмысы ретінде бағаладық.

Ең ґуелі дґстүрлі театрдың өнерпаздарына қазақы шапан кидіріп, ґн айтқызып қоймай, заманауи драма театрдың үлгісінде жұмыс жасалған. Саундрама дегеніміздің өзі дыбыс пен сахналық ґрекеттің қабысқан тығыз байланысы. Ґойылымды театр­дың этно-фольклорлық ансамблі бастан-аяқ сүйемелдейді. Осы мықты музыканттардың сүйемелдеуі, ґсерлі ґуен, жігерлі саз ырғағымен спектакльдің дыбыстық партитурасы жасалған. Мұнда сөзге көп мґн берілмейді, бастысы – сахналық ґрекет үстінде ашылатын оқиға желісі. Бір кейіпкердің өмір тарихын ала отырып, оның қалыптасу, өсу, таққа келу секілді негізгі кезеңдерін актерлердің сахнадағы пластикалық ґрекетімен жеткізеді. Көрермен мұны жақсы қабылдады. Сондай-ақ сахнадағы актерлер де барын салып ойнағаны олардың энергетикасынан көрініп тұр. Олар дґстүрлі актерлер бола тұра режиссер ұсынған ойын стихиясына, сахнада өмір сүру дағдысына берілгені анық байқалды. Бұл енді режиссердің еңбегі. Әрине, спектакльде бізге үйреншікті классикалық драматургиялық пьеса мґтіні жоқ. Оқиғаның бґрі Бейбарыстың қалай тұтқындалғаны, құлдыққа сатылуы, бастапқы кезде қайықта ескекші болып жұмыс істегені, ке­йіннен патша сарайына барып Мысыр билеу­шісінің көзіне түсіп, алдымен қорғаушы болып, ең соңында патшалыққа жетуі баяндалады. М.Әуезов атындағы театрда қойылатын драматург Р.Отарбаевтың «Мґмлүк Бейбарыс сұлтаны» бұдан басқаша, онда шетке еріксіз кеткен, билікке жеткен жанның ойынан туған жері шықпайды. Жусанның иісі ылғи да оны елін сағындырып, туған топырағына тартып отырады. Осы арқылы «өзге елге сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегендей, автор шығармасына салған идеясын көрермен спектакльден байқайды. Ал «Мґмлүк Сұлтан Бейбарыс» спектаклінде жеке бастың лирикалық шегіністеріне аса мґн берілмеген, ол қоюшыны қызықтырмайды. Махаббат желісі, жері, еліне деген ішкі сезімдер кейінгі шепке кетіп мұнда бозбала Бейбарыстан Мысырды билеу арқылы күллі Ислам дүниесін уысында ұстаған ірі саяси тұлғаның қоғамдық-саяси билікке жету жолына баса мґн берілгенін көреміз. Сол арқылы спектакль бозбала Бейбарыстың үлкен саяси тұлғаға өсіп жетілу жолымен өрілген. Мысал ретінде Ә.Кекілбайдың «Абылай хан» драмасында ешкімге белгісіз түйеші Сабалақтан басталып, елді біріктіріп, салтанатпен жарты ғасырдан аса хандық құрған қазақтың Абылай ханының тұтастай бір дґуірін көрсетсе, М.Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы күндері» сол тарихи тұлғаның өлер алдындағы санаулы 2-3 күндік халінен хабар береді. Біз өз тарихымызды аршып, кімнің кім екенін толық танып білуге талпынған сґтте,
Бейбарыс бабамыздың 800 жылдығына арналған бұл қо­йылымның театр сахнасына шығуы, мемлекеттік ұстаным тұрғысынан көрерменге айтары бар, ой саларлық қойылым болған.

Әрине, спектакльдің ұтымды тұстары мол. Саундрама жанрына сґйкес толыққанды пьесаның, кейіпкерді ашатын желілеріне тереңдемеуі қо­йылым барысында өзінше шешімін тапқан. Фархад спектакль барысында көрерменді қалай қызықтыру керек екенін жақсы біледі. Біз Конституция бойынша зайырлы мемлекетпіз, дегенмен бүгінгі қоғам өміріне діннің дендеп енгенін жоққа шығара алмаймыз. Осыны ескере отырып режиссер көрерменге сапқа тұрып намаз оқитын сахнаны ұсынғанын көреміз. Декорациялық кеңістікте Алланың 99 атын сахнада жазылып берілуі арқылы Бейбарыстың рухани өсуі, шығыс ґлемінің үлкен қайраткеріне айналуы сґтті бейнеленген. Бұл сахналардың көрерменге ұнап отырғанын байқасам да маман ретінде толық қабылдай алмадым. Мұндай сахналарға екпін беру, діни мґселенің сахнада осы күйін­де көрсетілгені мен үшін артықтау болды. Әрине, бұл дінді насихаттау деп ойламаймын, басты кейіпкердің ислам ґлеміне тікелей қатысы бар екенін жеткізгені деп түсіндім. Тек бұл кейінгі жас режиссерлер жұмыстарында үрдіске айналып кетпесе екен, спектакльдің көркемдік сапасына нұқсан келмесе екен деген қауіптенгендік. Мұндай сахналар театр қойылымының көркемдік сапасын биіктете қоймас. Сонымен бірге спектакль желісінде Бейбарыстың батырлық, саяси қайраткерлік қырлары басымдықпен көріне отырып, жеке басын ашатын ішкі тебіреністері мен толғаныстары, жоғарыда айтқандай туған жері мен еліне деген махаббаты, өзіндік көзқарастары ашылмай қалған секілді. Сахналық оқиғаны жалаң баяндау басым.

Осы секілді кейбір тұстарын қабылдай алмасам да жалпы спектакль тұтастай алғанда көрерменді қызықтыратын, ой салатын қо­йылым болған. Дґстүрлі театр репертуарындағы ойын-сауыққа, ґн-күйге негізделген қойылымдарға үйреніп қалған көрермен мынадай спектакль көріп, шынымен де ойланып қайтқан секілді. Көрермен Бейбарыс рөлін сомдаған үштік топ: жас Бейбарыс, басты кейіпкердің негізгі салмақ жүгін арқалаған актер Әсет Есжан, ересек батыр қолбасшы Бейбарыс жґне актер Оңдасын Бесікбасов орындауындағы ґміршісі – Бейбарыстың өмір жолымен, тарихи белестерімен танысып, жүрекпен сезіне алды. Басы артық мүлік жоқ, қарапайым безендірілген сахнадағы көрермен назары актерлердің жеке орындау­шылығына, топтық орындаулар, орындалған музыкаға ауады. Барлық сахнадағы оқиғаны баяндау ґрекетке құрылғандықтан спектакльдің хореографиясын ойластырған топтың жұмысы атап айтуға тұрарлық. Ұлттық аспаптарымыздан төгілген үн, қойылымға қатысқан актерлік жекеленген топтардың пластикалық ґрекеті, жарық, киім-кешегі ойластырылған жарасымды, заманауи, бас-аяғы бар тұтас қойылым болған.

Ґорыта айтқанда, спектакль тұтастай бір ғұмырды бейнелейтін тарихи толғам деп айтуға болады. Ґоюшы режиссер ґнші-актерлердің ґр алуан дайындығы мен бағыттарына қарамай бір мақсатқа жұмылдыра білген. «Алатау» дґстүрлі театры өзіндік жолын анықтауда ґлі де іздене түсіп, осындай жаңаша бағытта жұмыс істегені біздіңше дұрыс шешім. Себебі театр көрерменге қызықты болу үшін бір жақтылық, қайталаудан аулақ болғаны жөн. Театр жанды өнер деген тґмсілді ескеріп, ара-тұра көрерменге, шығармашылық ұжымға жаңа режиссер жұмысымен сілкініс жасау артықтық бола қоймас..

Мәншүк Ташимова
Мәншүк Ташимова

Мәншүк Ташимова: Бейбарыс ойсыз баскесердің өзі болып шығыпты

Фархад Молдағали саундрама жанрында қойылым түзіп, үкілі үміт артып жүрген жас режиссер болғандықтан да театртанушылар тақым қысып, оның шығармашылығын көзден таса еткісі келмей үнемі бақылап отыратыны заңды. «Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы кезекті «Мәмлүк Сұлтан Бейбарыс» қойылымына куә болдық. Саундрама жанрының ерекшеліктеріне сай сахнада актерлік ойын, пластикалық би қимылдары мен дүбірлі музыка атой салып, ә дегеннен көрерменнің назарын өзіне аударады. Төл театрдың музыканттарының өнерін режиссер тамаша пайдаланыпты. Ұлттық шертпе және ұрмалы аспаптардың табиғи орындауындағы әуен өте жағымды болғанмен, біраз уақыт өткен соң құлақ тесердей болған микрофон дауысы көрерменге жайсыздық тудыра бастайды. Еңселі кең сахнаны режиссер шартты түрдегі декорацияларды (биік қамал, қайық ескектері) пайдаланып, актерлерге еркін қимыл-қозғалыс жасауға жағдай туғызған. Солай бола тұрса да пластикалық сауаттылыққа қол жеткізе алмай жатқан актерлердің қозғалысы, мәмлүктердің жаттығу, соғыс, немесе жекпе-жек қимылдарын беруде тартымсыздық тудырып жатқаны рас. Оған тек пластика емес, түр-тұлға, тартымдылық пен сымбаттылықтың өз деңгейінде болмауы кедергі. Режиссер Ф.Молдағали қойылымның драматургиялық құрылымын өзі жасағанмен, автор ретінде кәсібилікке қол жеткізе алмаған, өйткені сахналардың бір-бірімен байланыспай үзік-үзік боп жатуы, кейбір оқиғалардың түсініксіз болуы себеп. Мәселен, ұстаз қарттың (ВИЙ) пайда болуы, Құдыс пен мәмлүктер басшысының өліміне себеп-салдардың аз болуы сенімсіздік тудырғаны рас. Осы тұрысында Бейбарыс ойсыз баскесердің өзі болып шығыпты. Тәжірибелі актерлердің өзіне бойындағы шеберліктерін көрсетуге әлсіз драматургия кері әсер етіп тұр. Болмаса «Сұлтан Бейбарыс» кино картинасының киносценарийі негізінде сахналық жүйе жасалғанда, мұндай болмас па еді?..

Соңғы уақытта қазақ театрларында саундрама жанрын желеу етіп, микрофонға сенушілік, актерлердің дауыс пен үнге, қара сөзге мән бермеуі, жалпылдаған пластика мен қираң-қираң қимылға арқа сүйеу, әйел кейіпкерлердің былқ-сылқ еткен бұралаң қимылдары мен сексуалды кейіп танытуға тырысуы көрерменді әбден мезі еткенін шығармашылық топтар ұғынатын кез келген. Мысырды билеп отырған патшаның «сылқымдардан басқа шаруасы жоқ па» деген ойда қалатынымыз өкінішті.

Көпшілік сахнадағы құстар маскасындағы кейіпкерлер мен қала халқының үздіксіз жасаған қимыл-әрекеттері, дауыспен айтылып, экранға шыққан Алланың 99 көркем есімдерінің жазылуы, азан шақырылып, Бейбарыс бастаған мәмлүктердің намаз оқуы көрермен назарын аударғанмен, салмағы жоқ. Қорыта айтқанда, режиссер қойылымның кемшін тұстарына қырағы қарап, терең шығармашылдықпен жұмыс істеуі тиіс дейміз. Кейіпкерлерді кестелеп жүрген актерлердің сахналық ойын шеберлігіне мән берілгені, актерлер өздеріне тапсырылған рөлдерді барынша сезінсе жөн болар еді.

Дайындаған – Жақсылық Қазымұратұлы