Үндістандық ерлі-зайыптылар iPhone сатып алу үшін сәбиін сатып жіберген
Үндістанның Батыс Бенгалия штатында тұратын ерлі-зайыптылар iPhone 14 сатып алу үшін баласын сатып жіберген.
Бұл туралы Times of India хабарлады.
Ерлі-зайыптылар бұл әркетке Instagram ашу қажеттілігінен барған.
Көршілер 8 айлық сәбидің жоғалып кеткенін байқағанымен, ата-ананың бұл жағдайға алаңдамаған. Оның үстіне қаржылық қиындыққа тап болған отбасында кемінде миллион рупий тұратын қымбат телефонның пайда болуы да көрші-қолаңның күдігін тудырған.
Бастапқы тергеуде анасы шынымен де iPhone сатып алу үшін баласын сатқанын мойындады. Бір қызығы, сегіз айлық сәбиін сатпас бұрын отбасы жеті жасар қызын сатпақ болған.
Жергілікті полиция Сати есімді ананы қамауға алды. Алайда Джайдев Гош есімді әкесі қашып үлгерді. Ол қазір іздеуде. Полиция ерлі-зайыптылардың үстінен қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.