Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:34

Үндістан АҚШ мұнайына ауысып, Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатады

мұнай
Фото: из открытых источников

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ресейден мұнай сатып алуды тоқтата тұруға және АҚШ-тан, сондай-ақ мүмкін Венесуэладан мұнай жеткізуді арттыруға келісілгенін хабарлады. 

"Бұл дәл қазір Украинада болып жатқан, апта сайын мыңдаған адам қаза табатын соғысты аяқтауға көмектеседі!" – деп атап өтті ол.

Трамп сонымен қатар АҚШ үнді тауарларына салынатын кеден бажын 25 пайыздан 18 пайызға дейін төмендететінін, ал Үндістан да АҚШ-тан алатын тауарларға баж мөлшерін азайтуды көздейтінін айтты.

"Үндістанмен тамаша қарым-қатынасымыз болашақта одан әрі нығая түседі. Премьер-министр Моди екеуіміз – нәтижеге қол жеткізе алатын екі адамбыз, көп адам жайлы мұндайды айта алмайсың", – деді Трамп.

Үндістан премьері Нарендра Моди X әлеуметтік желісінде АҚШ-тың баж мөлшерін төмендетуін қолдағаны үшін қуанышын білдірді, бірақ мұнай сатып алу туралы келісімге ештеңе айтпады. Ол жазбасында:
"Осы керемет мәлімдеме үшін Үндістанның 1,4 миллиард тұрғыны атынан президент Трампқа зор алғыс айтамын", – деді.

Сонымен қатар, Үндістанның сауда министрі Пиюш Гоял екі ел арасындағы сауда келісімін "тарихи бетбұрыс сәті" деп бағалады. Ол бұл келісімнің фермерлерге, шағын және орта бизнеске, кәсіпкерлер мен білікті жұмысшыларға жаңа мүмкіндіктер ашатынын, сондай-ақ Үндістанның АҚШ-тан технология алуға жол ашатынын атап өтті.

Тегтер: