Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:31

Үндістан мұнай өңдеу зауыттары Ресей мұнайынан бас тартып жатыр

Мұнай Ресей
Фото: REUTERS/Dado Ruvic/Illustration

Үндістандағы бірнеше мұнай өңдеу компаниясы сәуір айына арналған ресейлік мұнай жеткізілімін сатып алудан бас тартып отыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Indian Oil, Bharat Petroleum және Reliance Industries наурыз және сәуір айларына арналған ресейлік мұнай тиеу ұсыныстарын қабылдамаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Нью-Дели арасында келісім жасалатынын айтып, Үндістанның АҚШ пен Венесуэладан мұнай сатып ала бастайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар, Трамп Үндістаннан экспортталатын тауарларға салынған 25% кедендік баж салығын алып тастағаны белгілі болды.