Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:40

Үндістан Ресей мұнайынан бас тарту үшін АҚШ-қа талап қойды

Мұнай Ресей
Фото: ЖИ

Үндістан билігі АҚШ әкімшілігіне Ресей мұнайының импортына шектеу енгізу жағдайында Иран мен Венесуэладан мұнай сатып алуға рұқсат беруді сұрады.

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Вашингтонға сапармен барған үнді делегация келіссөздер барысында осы ұсынысты бірнеше мәрте қайталаған. Делегация мүшелерінің айтуынша, бір мезетте Ресей, Иран және Венесуэладан мұнай жеткізуді тоқтату әлемдік нарықтағы бағалардың күрт өсуіне алып келуі мүмкін.

Мәліметтерге қарағанда, келіссөздер АҚШ-тың Үндістанға Ресей мұнайын сатып алғаны үшін тарифтік қысым жасағаннан кейін өткен. Соған қарамастан, Үндістан аз көлемде болса да ресейлік шикізатты импорттап отыр.

Үндістанның сауда министрі Пиюш Гойял осы аптада Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде елдің энергетикалық қауіпсіздігінде АҚШ-тың үлесі айтарлықтай жоғары болатынын айтты.

 «Біздің энергия қауіпсіздігі мақсаттарымызда АҚШ-тың үлесі өте жоғары болуы қарастырылған», – деді ол.

Үндістан мұнай қажеттілігінің 90 пайызға жуығын импорт есебінен қамтамасыз етеді. Ресей мұнайы салыстырмалы түрде арзан болғандықтан, елдің импорт шығындарын азайтуға мүмкіндік беріп келеді.

Шілде айындағы орташа баға:

Ресей мұнайы – 68,90 доллар/баррель;

Сауд Арабиясы мұнайы – 77,50 доллар/баррель;

АҚШ мұнайы – 74,20 доллар/баррель.

Үндістан танкер арқылы жеткізілетін ресейлік мұнайдың ең ірі сатып алушысына айналған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Қытайды Ресей-Украина соғысының ең ірі демеушілері деп атап, бұл елдер ресейлік мұнай сатып алу арқылы Мәскеудің әскери әрекеттерін қаржыландырып отырғанын мәлімдеген болатын.

Тегтер: