Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:30, 26 Желтоқсан 2023

Үндістанда 4 жасқа дейінгі балаларға арналған кейбір дәріге тыйым салынды

сироп от кашля
Фото: GETTY IMAGE

Үндістан 4 жасқа дейінгі балаларға суық тиюге қарсы дәрілердің белгілі бір комбинациясын қолдануға тыйым салды және тыйым туралы дәрі-дәрмектерді таңбалауды міндеттеді.

 Бұл туралы Reuters жазды.

Бұған дейін Үндістанда шығарылатын осындай жөтел шәрбаттан әлем бойынша 141 бала қаза тапқан.

Реттеуші дәрі комбинациясында суық тиюге қарсы шәрбаттар мен таблеткаларды өндіруде қолданылатын хлорфенирамин малеаты мен фенилэфрин бар екенін айтты. Енді фармацевтикалық компаниялар құрамында осы заттар бар дәрілерге «4 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды» деп ескерту жасауы керек.

Осы препараттарды қолданумен байланысты балалар өлімі 2019 жылдан бастап Үндістанда және бүкіл әлемде байқалды. Үндістанда, Гамбияда, Өзбекстанда және Камерунда жалпы алғанда кем дегенде 141 бала осы препараттарды қолдану салдарынан қаза тапты.

Үндістан маусым айынан бастап экспортталатын жөтел шәрбаты үшін міндетті сынақтардың санын көбейтті. Дегенмен, бұл препараттарды шығарған жергілікті фармацевтикалық компаниялар кез келген заңсыздықты үнемі жоққа шығарады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бес жасқа дейінгі балалардағы жөтел мен суық тию белгілерін емдеу үшін рецептсіз сатылатын жөтел шәрбатын немесе дәрі-дәрмектерді пайдалануға болмайтынын ескерткен.