Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:25

Үндістанда су тасқыны салдарынан 37 адам қаза тапты

1
Фото: Anadolu

Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеліп, салдарынан бірнеше адам қаза тапты. 

Hindustan Times басылымының хабарлауынша, Киштвар ауданында бірнеше күн бойы толассыз жауын жауып, өзендер арнасынан тасып кеткен. Нәтижесінде 37 адам қаза тауып, 100-ден астам тұрғын түрлі жарақат алған.

Киштвар округі әкімшілігінің өкілі Панкаж Кумар Шарма алғашқы мәліметтерге сүйеніп, қаза тапқандар мен жараланғандардың нақты саны әлі де өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Қазір аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Тегтер: