Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:11

Үндістанның әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

Ұшақ
Фото: из открытых источников

  Үндістанның лоукостер әуе компаниясы IndiGo Алматы, Тбилиси, Баку және Ташкент бағытындағы рейстерін уақытша тоқтатты. Бұл туралы тасымалдаушы X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Компанияның мәлімдеуінше, мұндай шешім Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуына және аймақтағы әуе кеңістігінің өзгеруіне байланысты қабылданған. IndiGo өкілдері рейстер кестесінің жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қайта қаралып жатқанын атап өтті.

"Жағдай өзгеріп отырғандықтан, біздің жоспарларымыз тұрақты бақылауда. Алдағы жаңартулар немесе өзгерістер туралы өз байланыс арналарымыз арқылы хабарлаймыз. Түсіністік танытып, шыдамдылық танытқандарыңыз және бізге деген сенімдеріңіз үшін алғыс айтамыз", – делінген авиакомпания хабарламасында.

Қазіргі таңда рейстердің қашан қайта жанданатыны жөнінде нақты ақпарат берілген жоқ.

Тегтер: