Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:00, 19 Қаңтар 2023

Универсиада-2023: Қазақстан үшінші алтынға ие болды

None
None

Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан Универсиада-2023 ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, — деп хабарлайды Жас Алаш.

Осылайша, Бекентай Тұрлубеков Универсиаданың алтынын жеңіп алды. Тағы бір спортшымыз Александр Мухин қола жүлдегер атанды. Бұл ретте Кирилл Бауэр төртінші, Вадим Куралес бесінші орынға табан тіреді.

Осылайша, төрт қазақстандық 10 шақырым спринтте үздік бестікке енді.

Бұған дейін Қазақстан үшін алтынды Данил Васильев (қалыпты трамплинде трамплиннен секіру жарысында) пен Вадим Куралес (15 шақырым биатлоннан жекелей жарыста) алған болатын

Тегтер: