12:30, 09 Тамыз 2023
ҰҚК шекара арқылы Ресейге өтпек болған бес шетел азаматын ұстады
ҰҚК шекара арқылы Ресейге өтпек болған бес шетел азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.
«2023 жылғы 4 тамызда ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады», — делінген хабарламады.
Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген.
Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан.
Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.