09:55, 10 Қазан 2022
ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанға сапармен келеді
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін болды.
Бұл туралы сол ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлім етті.
Сапар барысында елдің жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесулер жоспарланған,
— делінген хабарламада.
Бұған дейін ұйымының Бас хатшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездескен еді. Кездесу барысында Станислав Зась ҰҚШҰ-ның қырғыз-тәжік шекарасындағы дағдарысты жағдайды реттеуге көмектесуге дайын екенін білдірді.