Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:38, 04 Тамыз 2020

Үрейлі екінші кездесу

Әйелім мен балаларымды купеге қалдырып, тамбурға темекітартуға шыққан бетім еді.

Купеге қарағанда дөңгелектердің желдете сартылдайсоққан дыбысы мұнда қатты естіледі екен. Қиырында сағым ойнаған көк мауыттыжұмыр жер тербеле дөңгеленіп қалып жатыр.

Әр нәрсені ойлап, темекімді тартып тұра бердім. Біреутамбурға шыққан секілді болды. Ой жетегінде тұрып көңіл аудармадым, кенетбіреудің ту сыртымнан тесіле қарап тұрғанын сезгендей болдым. Әлі күнге дейінсол мезетте қандай оймен артыма жалт қарағаныма таңданамын.

Оның сұп-суық кішірек жылан көздері шаншыла қарап, мені тесіпбара жатты. Алғашқыда осыны қайдан көрдім дегендей таңдана қарадым. Тамағыныңастындағы ұзын жолақ тыртығына қарап, өне бойым дір ете түсті. Оң жақ езуіндегіащы мысқыл маған «әлі тірі жүр екенсің ғой» дегендей болды. Ойыма осыдан талайжыл бұрын өткен сұмдық оқиға оралған еді.

Институт қабырғасында жүріп жазғы семестрде студенттік құрылыс отрядына барғаным бар. Жаздыңаптабында екі жарым ай жұмыс істеп, үйге қайтып келе жатқан бетім. Үйді сағыныпқалғаннан болар, көңілім көтеріңкі. Жүріп келе жатқан пойызымыз кішігірім бірқалашыққа келіп тоқтады. Вагон-вагондарда түсіп-кіріп жатқан халық. Жанымдаотырған қыз-қырқынның көңілін табу үшін жерге түсіп, жол бойындағы дүкенгекірдім. Оңайдағы майда-шүйдем жетпеген соң, ішкі қалтама қол салып, бір будаақшаны суырып алдым да, сатушының алдына санап тұрып лақтыра бастаған едім.

– Мына мырзаның шалқуын-ай! – деді біреу. Артыма қарасам,осы бір жыланкөз тесіліп тұр. Қажетті заттарымды алып, әлгіден қашқандайвагоныма тарттым. Біраздан соң шараптың қызуымен жанымдағыларды қалдырып,демалуға тамбурға шыққанымды білем. Ойымда ештеңе жоқ. Темекімді тұтата беребіреулердің бері шыққанын байқап қалдым. Сіріңкеге шұқшиып жатып жөнді назараудармағанмын. Басымды көтергенде бағанағы жыланкөздің тісі ақсиып, маған қарапкүліп тұрғанын көрдім. Жанында тағы екеу бар. Менің көзімше сырт еткізіпкілтпен вагонның екі жақ есігін жауып тастады. Кілтті қайдан алғанын кім білсін.Мен құрдымға кетіп бара жатқандай дірілдедім. Бір уақ қалтамдағы ақшаны алдарыналақтырып тастасам ба деген ой келіп еді. Бірақ ала жаздай еңбектеніп төккен маңдайтерімді қия алмадым. Жақындай берген жыланкөздің жырық тамағына қарай атылғанымесімде. Қолым жете алмады, өкпемнен тиген тепкіден демім бітіп, жерге ұшымтүстім. Сол жақ қабырғамның астынан суық бір нәрсенің шым еткізгенін білем.Одан арғысын пайымдай алмадым. Бойымды ып-ыстық бу албырата аралап баражатқандай болды. Көзімді екі тәуліктен кейін ауруханада аштым.

Сөйткен жыланкөз алдымнан тағы шықты. Сол, соның өзі.

Ол ақырын ғана ұртындағы түтінін ширата шығарып, мағанқарай қозғалды. Сұп-сұр, суық кескіні жігерімді құм етіп, жер ғып бара жатты.Маңдайымнан мұздай тер бұрқ ете түсті.

Көңілім өрекпіп, жүрегімді үрей билеп алды. «Өмір дегеносындай баянсыз екен-ау.Менің өлімім мына құзғынға байлаған екен. Құрыған жерімосы болды» деп ойладым. Көз алдыма әйелім мен балаларым елестеді. Жарқ етіпөңменімнен қадалар пышақты күткен едім. Буындарым дірілдеп, өз-өзімнен шөгіпбара жаттым.

–  Иә, қалың қалай?– деді ол ызғарсыз, бірақ шымыр үнмен жақындай келіп.

Мен өз құлағыма өзім сенбеген едім. Тегі, кекетіп тұрғанболар деп ойлаған шығармын сол бір сәтте. Әрине, жұмыр басымда сол кезде талайойдың болғаны анық еді. Көзімді бетіне тіктегенімде жанарында суық күлкі тұрекен.

Ол жаймен амандасқан ниетпен маған қолын созды.Алақанының терісі тасбақаның қабығындай қатты сезілді. Біз кәдімгідей қолалысып амандастық, шынына келгенде, бұл мен үшін кереметтей оқиға еді.

– Денсаулығың қалай, мал-жаның аман ба? – деді ол.

Мен жақсы дегендей басымды изеген болдым. Тұқылына дейінтартып болған темекісін табанына салып өшірді де, маған қарады.

– Жүр, жүрек жалғасақ қайтеді? – деді өтінішпен үнінжұмсарта созып. Көкірегімде тірелген талай ойды белшесінен баса әлгінің соңынанвагон-ресторанға қарай қозғалдым.

Ол жайғасқан соң сөз бастады.

– Қаршадай жасымнан бауыр-қарындастан тұл, жетім өскенедім. Әке-шешемді көз алдыма елестете алмаймын. Мен есімді білгенше ол кісілердүниеден қайтқан екен. Басқа ешкімім болмаған соң, үйіне кіргізген біржамағайынымыздың қолында өстім. Кешке қонғанда бар болсам болды, басқа уақыттакөңіл де аудармайтын еді пақырлар. Оқып та жарытпадым. Осының бәрі бұрыс жолғатүсіп кетуіме себеп болған шығар. Басымнан талай жаманшылық өтті, қайтейін.

Бірақ бәрінен де бір оқиға өмірімді астан-кестең еткенеді. Мүмкін, менің өмірге қайта келуіме сол себепкер болған шығар.

Алдымда отырған адам аздап жөткірініп алды.

– Жаны биік нар тұлғалы азамат болсын деді ме, қайранәке-шешем азан шақыртып атымды Наржан қойыпты.

Мен бар ықыласыммен тыңдамақ болып алдымдағы кофені кейінірекысырып қойдым.

– Біздің көшенің бойында бір қыз тұрды. Жанұясы үлкенемес, кемпір-шалдың жалғыз қызы болатын-ды.

Наржан біраз үндемей қалды.

– Иә… ә, – деді ол маған тесірейе қарап. Меніңжүзімдегі құбылысты байқағысы келетін секілді. Көзі тайып, төмен қарады.

– Қыз мақтауға тұрарлық ақылды да әдемі болатын. Көшеніңжігіт-желеңі ол келе жатқанда дауыстары күмілжіп, мұрттарын сылап, иектерінуқалайтын. Осы қызға қалайда бір қырынан көрініп қалуға тырысатын еді барлығы.Қыздың аты Гауһар-ды. Елден еститінмін, өзі осы қалашықтағы дәрігерлікучилищеде оқитын көрінеді. Мүмкін, сымбат-көркі осы қыздың соры да болғаншығар, әйтеуір, бұл қыз көзіме оттай басылды. Басқаны білмеймін, меніңкөңілімде осы қызға деген бір сұмдық ой бүр жара бастаған еді. Ақымақтық қойбәрі де, адам азғанда осылай азар-ау.

Наржан алдындағы кофесіне ернін тигізді де, стакандықайтадан орнына қойды. Өзінен түңілгендей қабағы кіржиіп, терезеге қарап біразотырды. Мен де үндемедім.

– Жанымда көптен серіктес болып жүрген екеуден бұлсырымды бүгіп қалған едім. Содан жексенбі күні болатын би кешінен кейін қолғатүсірмек болдым. Ана екеуіне ауырып тұрмын деп сылтаураттым да, биге бармайқалдым. Өз есебім ішімде, ойыммен кешкі жорықты салалап жата бердім.

Мен күткен кеш те келіп жетті, қас қарайды. Гауһардыңүйінің алды қалың тал еді, бейнетқор шал мен кемпірдің еңбегі де. Қараңғылыққоюлана көшедегі жүріс-тұрыстан шетқақпай келіп, сол жерге жасырындым. Шамалыуақыттан соң көшеден биден шыққан жастардың қолтықтаса аяңдаған тізбектері өтебастады. Гауһар біразға дейін келмеді. Адам шыдамсызданғанда уақыт та өтпейдіекен. Аздан соң қатар басқан бірнеше аяқтың дыбысы естілді.

«Сәті түспейтін болды ғой» деп ызалана күбірледім. Олармаған жақындады. Менен жиырма адым шамасы алыстау келіп екі адам тоқтады.Қараңғылыққа үйреніп қалған көзім бір қыз, бір жігітті анық ажыратып тұрмын. Екеуібіраз уақыт сөйлесті де, жігіт қош айтысып, ары кетті. Жігіттің тырп-тырпбасқаны тынып, қарасы бұлдырап барып жоғалды. Түн қойнына сүңгіген жігіттіңсоңынан біраз қарап тұрды да, қыз ғарыштағы мың-сан жұлдыздардан бақытыніздегендей жүзін аспанға тіктеді. Кенет бері бұрылып, менің тұсыма тақай берді.Гауһар екен. Аузына тығындайтын шүберегімді дайындап, секіруге ыңғайландым.

Қыздың дыбыс шығаруға шамасы келмей қалды. Қаттықорыққандықтан ба, былық-сылық етіп қарсыласуға да әлі келмей, тордағы балықтайқолымда қала берді. Сонымен, қойшы, біраздан соң барып қызға дұрыстап көзсалдым.

Гауһар жылап жатыр екен. Өмірім бұлай болар деп жалғандаойламаған, кездейсоқ мынау жамандыққа еш шарасы болмай, жүрегін шалған күйіктенегілді ме, кім білсін?

Бұрын көргенмін баланың шырқырағанын, үлкеннің күрт кетіпеңкілдеуін, әйелдің жаулық астында пыш-пыш жылауын. Бірақ шарасыздықтан үнсізегіле жылауды өмірімде бірінші рет көрген едім. Тіксініп қалдым. Сол кездебарып өзімнің тасжүректігіме, адамгершіліктен жұрдай доңыз тірлігіме ызаболдым. Мынау бейкүнә жанның ерте солып құрбан болғанын білдім. Гауһардыңдыбыссыз үні мен жас парлаған жанарына қарап қорлау мен қорқыныштан меңіреуболып қалғанын түсінген едім. Өкініштен қыздың аяқ жағына құлай кеттім. Олдыбыссыз жылап жатты…

Наржан үнсіз қалды. Жас үйірілген жанарын вагонтерезесіне бұрып әкетті. Менің де көңілім қобалжып, тамағыма ып-ыстық бірдеңетұрып қалғандай болды. Сонымен қалай аяқталды дегендей, оған сұрай қарадым.

– Сотталып кеттім, – деді ол баяу ғана. – Сотталдым.

Наржан күбірлей стакандағы кофесіне көз салды.

– Содан оралғаныма төрт-бес жылға аяқ басты.

Ертерек ақ араласқан шашына, анау қыртыстанған маңдайымен көзінің айналасын торлаған сызат-әжімдерге қарап талай шырғалаңды басынанкешірген адамның кейпін жадыма түйдім.

– Арақ ішіп, әр жерде дау-дамай көтерумен, ел көзінеөжетсініп, әркімге қоқан-лоқы жасаумен қайран уақыттың босқа өткенін білмеппін.Көзін таппай бұлқынған бұла жастық енді қайтып келер деймісің. Жасымнанталпынып тырбансам, бұл күйде қалмас едім ғой.

Наржан қабағы түйіліп маған қарады.

– Сотталып келген соң, бірден заводқа орналастым.Бұрынғының бәрін тастаған едім. Аузыма апарар бір шайнам нанды да еңбегімментапқым келді. Баяғы менің серіктерім де менен соң, еңбекпен түзеу колониясынажіберілген көрінеді. Уақыт өтіп жатты. Бір күні жұмыстан қайтып келе жатыпавтобус аялдамасында елден оңашалау тұрған келіншекті көрдім. Гауһар екенінбіраздан соң барып таныдым. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» дегенемес пе. Қырындау тұрып байқап тұрмын, бұрынғы толық бет-пішіні жұқарғанымен,жас кезіндегі сымбат-бітімі әлі де қайта қоймапты.

Жолымнан қалып, білдірмей ғана еріп отырдым. Не ойламадымсол кезде мен?!

Көк дарбазалы үйге кіре бере артына қарады. Білмеймін,мен көріп шошып кетті ме, аппақ болып қуарып, құлап бара жатқаны есімде. Үйінекөтеріп кірдім. Көршілеріне жүгіріп, дереу жедел жәрдем шақырттырдым. Шешесіғана қалған екен. Әкесі бір-екі жыл бұрын қайтыс болыпты. Содан қыстай сол үйгебарып тұрдым. Гауһар мен алғаш келіп жүргенімде кірпідей жиырылып, жоламайтынеді. Келе-келе алғашқыдай атырылып тұрмайтын болды. Кейін ол істейтінмүгедектер қоғамынан жұмыстан кейін алып кетіп жүрдім. Жаз шыға екеумізүйлендік.

Наржан маған көзін тіктей басын көтерді.

– Таңданып отырған шығарсың? Мәңгілік өксіткен екенмін,мәңгілік әлпештеп өтейін дедім.

Ол мүдіріп қалды. Қалтасынан темекісін алып, бір талын мағанұсынды. Бет-бедеріне қарап ойланып отырғанын түсіндім. Не ойлағанын кім білсін.

– Сен мені кешір, – деді Наржан басын көтеріп, – тіріжүрсем, өтермін бәрін де.

Нені айтып отырғанын дереу түсіндім.

– Керегі жоқ, – дедім азарда-безер боп. – Азамат болыпқайта оралғаның маған төлеген өтеуің болсын.

Ол үндемеді.

– Жанұяң қайда? – деп сұрадым мен.

– Осы пойызда келе жатыр, – деді Наржан темекі түтінін үрлейшығарып, – қонақтан келе жатқан бетіміз.

Ойына бір нәрсе түскендей ол маған жымия қарады.

– Әзірше үш баламыз бар.

Наржанның көзінде қуақылау күлкі жалт етті. Олар келесібір стансадан түсіп қалды. Жанындағы отыздар шамасындағы келіншек кішкентайбаласын көтеріп алған. Екі баласы алдарында құлдыраңдап ойнап бара жатты.     

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,

Журналистер одағының мүшесі

Тегтер: