Ұрылардың әшекейлерді алып шыққан сәті видеоға түсіп қалған
Францияда музейдегі батыл әрі ерекше тонау оқиғасы қоғам назарын өзіне аударды. Бұл оқиға көпшіліктің пікірінше, нағыз фильм көрінісін еске салады.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада белгісіз адамдардың императорлық әшекейлерді ғимараттан құрылыс көтергіші арқылы алып шығатыны байқалады. Олар еш алаңсыз, ел назарынсыз, елдің басты музейлерінің бірінің терезесінен олжамен төмен түсіп кеткен.
Оқиға 19 қазанда болғанымен, құқық қорғау органдары күдіктілерді әлі күнге дейін таба алмады.
Ұрылар Наполеон, Мария-Антуанетта және өзге де тарихи тұлғаларға тиесілі болған тоғыз бірегей зергерлік бұйымды қолды еткен. Мамандар келтірілген шығынды шамамен 88 миллион еуро көлемінде бағалаған.
Қазір француз полициясы мен Интерпол ұрланған жәдігерлердің қайда екенін анықтау бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.