Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:40, 21 Желтоқсан 2022

Ұрлық түбі қорлық деген...

None
None

Американың ешбір президенті елдің бар байлығын бір өзі иемденіп, бір өзі басқара алмайды.

Ал Путин сөйте алады. Путиннің Ресейді жер бетіндегі ең керемет елге айналдыратын мүмкіндігі болған. Бірақ ол ұрлық жолын таңдады деген екен Михаил Ходорковский.

Путин – өз коррупциясының құрбаны. Президент болса да, ұрлау деген әдетін тыя алмады. Бірақ ондай ұрлықтың қорлығы сол, ол байлығының бәрін өз атына емес, өзінің «әмияндарының» атына, компаниялар мен түрлі құрылымдардың атына жасыруға мәжбүр.

Путиннің коррупциясы өте қызық. Ұрлаған ақшасының санымен емес, ұрлау тетігімен қызық. Петр Колбин деген досының иелігінде миллиардтаған доллар тұр. Алты яхтасы, ұшақтары мен сарайлары біреудің атында. Бірақ әлгі Колбин ол ақшаны өзінікіндей көріп, оның қызығын көре алмайды.

Путин ұрлықты да дұрыс жасамады. Мысалы, Путин өлгенше байып алу үшін бар-жоғы «Газпромның» акцияларын сатып алса да болар еді. Сосын президент ретінде «Газпромның» құнын екі триллион долларға жеткізуге күш салса, жүздеген миллиард долларды өзі де табар еді, бірақ ең бастысы, ол елді де байытар еді. Бұл да коррупция, бірақ мұндай коррупция үшін бүкіл Ресей оған рақмет айтар еді. 

Путин бизнес дегенді әлі 90-шы жылдардағыдай түсінеді. Бір рубль ұрлау үшін миллион рубль шығындайтын ұрлықпен айналысады.

Ең сорақысы сол, Путиннің ұрлаған миллиардтары ресми түрде оныкі емес. Құжат бойынша байлығының бәрі біреудікі.

Ал енді, Путин биліктен тайса не болады? Колбиндер бұған «әй, сені танымаймын, аулақ жүр» деуі әбден мүмкін. «Ақша менің атымда ма, ендеше, менікі» десе ше?

– Путин бір кезде өзі де түсінді. Егер ол биліктен айырылып қалса, қаншама байлығынан айырылатынын. Ол өзін-өзі қақпанға түсірген екен. Ұрлықтың қорлығы қандай болатынын сезінді. Ол биліктен кетсе, қаптаған оффшорлар, байлығының номиналды қожайындары оны танымай кетеді. Сол үшін Путин кете алмайды. Бар байлығынан айырылып қалмау үшін. Ол президент тағында өле-өлгенше отыруға мәжбүр. Не деген қасірет десеңізші...

Бірақ Ресей халқының көпшілігі Путиннің шын келбетін түсінген күн – Путиннің биліктегі соңғы күні болады, – дейді ол.

Тегтер: