Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:43, 24 Қыркүйек 2019

Ұрпақ тәрбиесі - ұлттық мұрат

Өткен апта соңында Таразқаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Eldik elge bailanysty»қоғамдық форумы ұйымдастырылды.

Аталған форум спикерлері жаңа технологиялардәуірінде ұлт болып ұйысу, ынтымақ пен бірліктің бағасын білу, күнделікті жиын-тойларда  ысырапшылдық пен мақтангершілікке жол бермеу және ұрпақтәрбиесінің ең өзекті мәселелері турасындағы ойларын ортаға салды.  

Қазақтың арғы-бергі тарихы мен бүгінгі бет-бейнесі, жаңа ғасыр бедеріндегі ұлттыққұндылықтар мен салт-дәстүрдің, өмір сүру дағдысының бағыт-бағдары төңірегінде пайымдыпікірлер айтылған форумды облыстық мәслихаттың депутаты Масат Берік ашып,жүргізіп отырды.

Форумда алғаш болып сөз алған облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы,облыстық мәслихаттың депутаты МейрамбекТөлепбергенніңсана мен мәдениет, ұлт бірлігі, даңғазалық жайындағыоралымды ойлары көпшіліктің көкейінен жол таба алды.

– Қоғам да, адамдар да өзгерді. Сана мен мәдениеткебайланысты мәселе көбейді. Сондықтан бүгінгі қоғамдық форум форматындағы басқосуқажет дүние. Келешек қоғам мен ұрпақ үшін ұялмайтын сөз айтуға тырысайық!

Қазақ халқы бар жиделі ғұмырында ынтымақ пен бірліккеынтызар болып, жалауын төмендетпеген халық.

Біздіңмұхиттың шар айнасындай өмірімізге, күнделікті тірлігімізде, оның ішінде санбелесті бағдары бар болашағымызға – ынтымақсыз, бірліксіз, өзара татулықсызбара алмайтынымыз ақиқат.

Халқымыздыңбасынан өткен небір алапат шайқастар, тар жол тайғақ кешулерде – осы ынтымақпен бірліктің серік болғаны белгілі.

Өйткені,осы асыл дүниелер – кешегі ұлы бабалардан қалған бағасы жоқ теңдессізаманаттар.

 Ал, елімізТәуелсіздігін алған шақта бірлік пен ынтымақ ұлттық иделогиямыздың тірегінеайналып, мызғымас құндылық биігіне көтерілгені айқын. Бүгінде «бірліктіңжалауын көтеріп, шын жанашыры» болып кейбір егде кісілермен қатар естияразаматтар кездескен шақта «руың қайсы, ат мінген атаң кім, жерің қайда?» дегенсұрақтардың астына алары заманның дертіне айналып бара жатқан қынжылтады,–деді Мейрамбек Мылтықбайұлы.

Мұнан әрі спикер өз сөзін қазақыдәстүрдегі бала тәрбиесі, той мәдениетіндегі даңғазалық туралы ойларыменжалғады.

– Тоқсан тоғыз түйінніңбір ұшы – отбасындағы бала тәрбиесімен өрілмеуші ме еді. Отбасы қалай десекте тәрбиенің негізі қалыптасатын ордалы мекен, киелі орын.         Қазақ баласын – ұл немесе қыз депбөлмеген. Бірақ, дәл өрілген мақал-мәтелдерімен, тағылымы мол аңызәңгімелерімен ұл балаға бөлек, қыз балаға бөлек тәрбие бере білген дана халық.

Ал, бүгінде осы бір ұлы қасиеттерден арамыз алшақтап баражатқандай күй кешіп жүрміз.Кейде той мәдениеті туралы сөз қозғап, оның әбденжаттанды, жұртты ығыр қылған жағын айта қалсақ «Қазақ шаршаса тойдан шаршасын,Тәңірім халқымды осындай той-думаннан айырмасын» деп тереңіне мән бермей, көңілкөтеретін тұстарын алдыға шығара саламыз.

Әңгіме — осы  бізде даңғазалық етек алып баражатқан жоқ па? деген сауалға келіп тірелетін көп жағдай туралы туралы болыпотыр. Иә, біздің бабаларымыз бір заманда атақты байға ас беріліп, 620 жылы, 200қой жұмсалған екен, деген деректі білеміз. Ат бәйгесіне 100 жылқы тігілгендеген сөз де рас. ХІХ ғасырда Ерейментауда өткен Сағынайдың асында жұмсалғаншығын әйгілі Тәж Махал мавзолейін салуға жұмсалған қаржымен пара-пар түскендейекен. Қазір де аста-төк дүниені шашып жатқандар аз емес.

Бұл қарапайым халыққа қалай әсер етеді. Мұны да ойлап қоюкерек шығар,–деді халық қалаулысы Мейрамбек Мылтықбайұлы.

Бүгінде қоғам назарын ерекшеаударар мәселенің бірі жастар саясаты екені белгі. Заман ағымымен мың құбылғанжастардың ой-өрісі, таным түсінігі тым басқа. Ел ертеңі саналатын өрендердіңертелі кеш смартфондар мен компьютерге үңіліп, тәлім-тәрбиені, үлгі-өнегеніғаламтордан алып жатқаны да жасырын емес. Осы бір өткір мәселеде дәстүрлі қазаққоғамының айнымас бөлшегі саналғанымен бұл күндері желісі үзілген жастартәрбиесінде қариялардың ықпалын күшейту қажет-ақ. Форумда сөз алған еңбекардагері, баталы қария Әбілқасым Ергебековтің де ойы осы төңіректе өрбіді.

– Халқымызда «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегенданалық сөз бар. Біздің қоғамда жастың да, қарияның да орны ерекше. Елдіңкелешегі, жастардың дұрыс қалыптасуы орта буынға да, қарияларға да байланысты.Қоғамда қариялардың рөлін көтеру маңызды деп білемін.

Кәрілік адамды қартайтпайды. Адамды қол қусырып отырғанқартайтады. Жастар тәрбиесіне мән бермеген, жастарға жол сілтемеген кәрілік–зая кетеді. Бала тәрбиесінде ұсақ дүние болмайды. Балаға ұл, қыз демейөздеріне өздері қызмет етуді жастайынан үйрету керек. Еңбекқорлық соданқалыптасады. «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамас» деген қағиданыұғындыруымыз қажет.

Бүгінде мемлекет тарапынан жастарды қолдаудың барлықтетіктері қарастырылған.  Жастар жылындақайтарымсыз несиелердің берілуі, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойыншақыруар жұмыс бар. Осы жұмыстың басы-қасында жүрген ақылды, зерек жастардыңтаудай талабы қуантады.

Десе де бір дүние ғана көңіліме кірбің түсірді. Бұлжастар арасында өз өзіне қол жұмсаудың жоғарылап отырғаны. Бұл не кесапат? Әлдетәрбиенің, баланы қиындыққа төзуге үйретудің әлсіздігі ме? «Сәби таза тақта,сол тақтаға не жазсаң соны оқисың» дейді Аристотель. Сол таза тақтаға ғибратпен тәлім жаза алмаған қоғамның індеті ма? Расын айту керек бүгінгі қоғамдакейбір ата аналарға да тәлім керек. Осы мәселеге уақыт оздырмай әсер етуімізқажет деп ойлаймын, –деді қария.

Ал «һибатула Тарази» облыстық орталық мешітінің наиб-имамы Бақтияр Әміреевкөпшілікті қайғы қуанышта ас та төк дастархан жайып, қала берді дүниеденқайтқан кісінің басына белгі қоюды бәсекеге айналғандардың әрекетіне тыйымсалуға шақырды. Әрі бұл тұрғыда қадым заманнан қолданыста жүрген халқымыздыңәдет-ғұрпы мен өмір сүру жоралғысы мысал етіп, құдайы тамақ берудің Қазақстанмұсылмандар діни басқармасы ұсынған ас мәзірімен таныстырды.

Тағылымы молжоралғыларды берік ұстанған халқымыз ешқашан ысырапшылдыққа  жол бермеген. Ысырапшылық – Алла Тағаланыңсүймейтін іс, оның  зияны мен зардабыкөп. Бір өкініштісі, соңғы кезде көптеген салт-жоралғылар мен діни рәсімдершектен шығып, шариғаттан алыстап барады.

Дүниеден бір кісі өтсе, оны ақтық сапарға шығарып салу–мұсылмандардың міндеті. Бірақ көпшілігіміз мал-дүниемізді қайтыс болған жандарүшін емес, жұрттың мақтау сөзі үшін сарп етіп жатқандаймыз.

Осы ретте Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы садақа,құдайы тамақ берудің ас мәзірін бекітті.

Мәзірге бауырсақ, жеті нан, тары, құрма, қант, кәмпит,сары май, шай, өрік, мейіз, қаймақ, ет пен күріш кіреді.

Бұл жөнсізысыраптың алдын-алудың бірден-бір жолы, –деді Б.Әміреев.

Қоғамдық форумда көтерілген мәселелердің негізгі үлесі ұрпақ тәрбиесініңеншісіне тиді. Текті ұл мен қыздың тәрбиесін талбесіктен, отбасы-ошақ қасынанбастау керектігі жайында байламды пікірді ардагер ұстаз Кәмилаш Ахметжановаайтты.

 Әр отбасыныңалғашқы ұстазы — ол ата-анасы. Ұлын ұлықтап, қызын үкілеп ұлтымыздың асылдәстүрімен өскен бала, отбасының қуанышы ғана емес, еліміздің зиялы азаматыболып өсуі анық.

Тараз қаласының тұрғыны болғаныма 30 жылдан асыпты. Соңғыекі жылда өзгерген Тараздың сәулеттік келбетіне көз сүйсінеді. Қала ерекшекөркейді. Ұлттық нақышы түбегейлі өзгерді. Мен Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс»саябағында тақталардан Ұлы Отан соғысының құрбаны бауырым мен әкемнің есіміноқығанда, көзіме жас алмай тұра алмадым. Облыс халқына осындай естеліктердісыйлау,  ұлтын сүйген азаматтың  ғана қолынан келетін игі іс.

Осы жақсылықтыұзақ мерзімге  сақтап қалу үшін әр адамкелеңсіз жағдайдың қасынан үндемей өту ақылға қонбайтын нәрсе. Оны талайымызкөріп те жүрміз. Сондықтан, жастарға жөн сілтеп айта жүрейік.

Ұрпағымыздыңсанасына ұлттық рухымызды сіңдірсек, тілі мен дінін қадір тұтар намысты ұл,инабатты қыз тәрбиелесек, ізгілікті қоғам жасай аламыз,–деді ардагер ұстаз.

Ұстаз ойын облыстық мәслихаттың депутаты Асаубай Майлыбаев та құптады. Өзсөзінде спикер ұлт үшін өзекті саналатын ұрпақ тәрбиесін Елбасының «Руханижаңғыру» бағдарламасымен қатар ұштастырудың маңызы зор екендігіне баса назараударды. 

– «Рухани жаңғыру» – өмір сүру дәстүріміздің, елдікшежіренің 62 тамыры. Өкінішке орай бізде осынау терең түсінікті қабылдау жағы әліде әлсіздеу. Тұтас қоғамның санасына сілкініс әкелуі керек бағдарламаныңнегізгі мән-мазмұны құр даңғаза, ұранбайшылық, оңды-солды ойқастағанойын-сауықтардың қалтарысында қалып жатыр.

Жалпы шын мәнінде қай тұрғыда, қалай жаңғыруымыз керек? Бұлбәрімізді ойлантуы қажет. Ең әуелі тарихи тамырымыздың өзі тудырған еренерліктердің, жасампаздықтың, пайым-парасаттың пәрменімен жақсылық жасалып, ғасырларданғасырларға жалғаған ұлттық рухани құдіреттің жаппай санаға сіңіруімен ғана жаңғырааламыз. Бұлай болмағанда адамды мезі қылатын айғай сүреңнің айналасында қалабереміз.

Біздің Таразда өткенді өмірге әкелудің біраз тамашаүлгілері дүниеге келді. Бір ғана «Даңқ» залын алыңыз еңсесі биік, ерліктіңшежіресі. Құрылысы жүріп жатқан «Шахристандағы» облыстық «Руханият» орталығыналыңыз. Облыс тарихының барлық құндылықтарын бойына  сіңірген заманауи сәулет. Міне бұл «Руханижаңғырудың» ең басты сұранымдарына сай келетін үлкен шаруа.

«Рухани жаңғыру» қоғамның өткеніне  сабақ алып, адамдық тұрғыдан тазаруы. Олайболмағанда адам санасына сыймайтын құбылыстар орын алады. Мәселен 2015 жылғыстатистика бойынша Жамбыл облысында 350 қыз бала мектеп партасында отырып анаатанған. Айтуға ауыз бармайтын осы бір мәселеге біз мектепті, ондағы педагогикалықұжымды кінәлаймыз.  Ал шын мәніндеқазақта «Қызғы қырық үйден тыйым» деген аталы сөз бар емес пе? Ойланайықшы, бірғана осы мәселеге жол бермеу үшін біз не істедік? Қоғам не істеді? Бұл өтесорақы нәрсе, –деді А.Майлыбаев.

Форум барысында ұлттық құндылықтар, той мәдениетін заман ағымына қарай бейімдеу,әлеуметтік желіні кәдеге жаратудың әдебінен аттамау секілді мәселелер деқаузалды.  Бұл орайда «Асыл арман» ұлттықдәстүр  мен өнерді қолдау» қоғамдық  бірлестегінің төрағасы Ринат Нұрақбаевтыңұсыныстары да қызу қолдауға ие болды.

– Бізде аса көңіл бөлуді талап етіп отырған мәселе ұлттыққұндылықтар, соның ішінде, дәстүрлеріміз бен ұлттық санаға деген жанашырлықтыкүшейту болып отыр. Олай дейтінім, қазіргіөркениттік ағынмен араласып, ұлттық тынысты тарылтатын ақпараттық толқындар,діндегі бұрмалаушылық, тіл мен ділге деген жауапкершіліктің әлсіздігі  тағысы тағы айтарлықтай кемшіліктер бар. Бұлкемшіліктерге тойтарыс беретін төте жол  –ұлттық тәрбиені күшейту деп білемін!

«Той мәдениеті – ұлтмәдениеті». Бұл орайда жүйелі жұмысты қолға алғанМеркі ауданын мысал еткім келеді. Өткен жылдың қазанайынан бастап Меркі ауданы әкімдігі той мәселелерін дұрыс жолға қойды. ҚазірМеркіде той 19:00-24:00 аралығында ғанаболыпжатыр. Осы арқылы ең бірінші халықтың қазынасы саналған той берекесін кетірмеу,уақытты тиімді пайдалану, құқық бұзушылықты болдырмау, той қызметкерлерініңеңбегін жүйелеуге қол жеткізілді. Бұл бастаманы баршаға ортақ ету керек. 

Баршаға мәлім XXI ғасырәлеуметтік желінің ақырған бурадай әбден күшіне мінген кезеңіне айналып тұр.  Осындай өларакезеңде ұлт болып сақталып қала аламыз ба, жоқ болып жер бетіне тараламыз бадеген сауал, кез келген саналы ұлттың басты проблемасына айналып үлгерді. Ұлттықидеологиясы мықты мемлекеттер етек-жеңін жинақтап, алдын-артын сараптап, сананыжаулаған сиқыршы – күштің алдында қасқайып тұруға әрекет жасауда. Бұлбейберекетсіздікті заңмен тұсауға –демократия деген жалған ұран тосқауыл. Соның салдарынан әлеуметтік желі – үлкенкүшке иелік етуде.Сол себептен де әлеуметтік желіарқылы жалған ақпарат тарататындарға, ар-намысқа тиетіндерге, билікке тілбезейтіндерге қарсы бұлтартпас бір заң керек сияқты, –деді Ринат Нұрақбаев.

Ал дәрігер Сағындық Ордабеков ХХІ ғасырдағы әлемге күллі қазақты танытудыңтетігі ұлттық құндылық екендігін алға тартады.

–                   Ұлттық құндылық – ұлттың тірегі! Өз тарихын терең ұғынып,ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ.Бүгінгі жаһандану дәуірінде кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер — солұлттың төл тарихы, мәдениеті мен тілі екені анық.

Ұлттың құндылығының ең маңыздысы, ең қазынасы – тіліміздеп айтсам артық айтпаған болар едім. Тілі жоқ халық, тілін құрметтемеген,білмеген халық – өлі халық. Бұл менің тіл турасындағы өте ащы ұстанымым, –деді С.Ордабеков  

Форум спикерлерінің ізін ала сөз тізгіндеген Батырбек Құлекеев те тоймәдениеті мәселесіне айрықша тоқталып, ондағы даңғазалық пен босмақтангершіліктің  дәурені өткенінжеткізіп, заман ағымымен мұндада әлемдік тәжірибенің озық үлгісін мәселесінтілге тиек етті.

Жиынды облыс әкімі Асқар Мырзахметов қорытындылап, форум қатысушыларының облыс жұртшылығына үндеуін жариялады.

Форумда көтерліп отырғанмәселелердің қай-қайсының болмасын өзектілігіне күмән жоқ. Ел боламыз десекосындай айтылған мәселелердің түйінін тарқатуға жұрт болып жұмылуымыз керек. Әринекөтеріліп отырған тақырып баршамызға қатысты. Дегенмен ең әуелі зиялы қауым, елдіңұйытқысы болып жүрген дуалы ауыз ақсақалдар, абыз зияткерлер бүгінгі форумдаайтылған мәселелермен ел арасында шындап айналысуы керек. Осындай форматтағыбасқосуларды ел ағалары мен ауыл билерінің басын қосып аудандарда өткізген жөн,–деді Асқар Исабекұлы.

Мұнан өңір басшысы көпшілікті форумда көтерілген мәселелерге баршаныңназарын аударуға шақыратын үндеу мәтінімен таныстырды.

«Жаһандық әлеммен қабыспайтын, ұлттыңдамуына кедергі келтіріп, ел ішіне іріткі салатын өткеннің кейбір кертартпадағдылары мен әдеттерінен күні бүгінге дейін арыла алмай отырғанымыз жасырынемес. Олар: жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, жершілдік, тамыр-таныстық,жүзшілдік пен рушылдық, ысырапшылдық пен астамшылдық, даңғойлық пен кердеңдік,орынсыз салтанат, қанағатсыздық пен үнемсіздік. Өркениетілікке емес өсекке,зиялылыққа емес зияндыққа, парасаттылыққа емес пасықтыққа, ізгілікке емесібілістікке жетелейтін мұндай «ғұрыптардан» құтылатын кезең келді. «Іргеліелдің іргесін есер ағым бұзар» дегендей, бүгінгі таңда деструктивті діни ағымдардыңел арасына етене еніп, жастардың санасын улап жатқаны да барша жұртты алаңдатыпотырған күрделі мәселе. Бұл үрдістің тамырына балта шауып, ұлағатты ұрпақтәрбиелеуде зайырлы білімді ұлттық құндылықтарымызбен сабақтастыра отырыптүсіндіру – баршамыздың басты мақсатымызға айналуы тиіс»,- делінген үндеуде.

Көп кешікпей алқа мүшелері осы үндеудіңнегізінде тағы да ой қосатын болып тарқасты.

Тегтер: