Үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты ақпарат таратқан заңгерге қатысты сот шешімі шықты
Алматыда блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханқа қатысты бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ол үш адамның өмірін қиған жол апаты туралы жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінген.
Блогер әлеуметтік желілерде әл-Фараби даңғылы бойында болған ауыр жол апатына қатысы белсенді түрде жазба жариялаған. Алайда тергеу нұсқасына сәйкес, ол ұсынған мәліметтер көрінеу жалған болған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Сот күдіктіні 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп мәлімдеді ведомство.
Сонымен қатар полиция блогердің өмірбаянына қатысты мәліметтерді де жариялады. Белгілі болғандай, Әділетхан Молдахан бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткен, алайда кейіннен белгілі бір себептермен жұмыстан шығарылған.
Бұдан бөлек, ол бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот оны тонау қылмысы бойынша кінәлі деп таныған.
Еске салайық, Ә. Молдахан 30 наурыз күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал бұл іске себеп болған әл-Фараби даңғылындағы жол апаты наурыз айының соңында болып, Алматыда үлкен қоғамдық резонанс тудырған еді.