Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:49, 30 Шілде 2024

Үш облыстың 500 км учаскесінде мобильді байланыс жоқ

а
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында салынып жатқан автожолдардың аяқталмаған учаскелеріндегі қауіпсіздік мәселесі көтерілді.

Мәселен, биылғы наурызда Алматы облысында 2019 жылдан бері құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қарағанды – Алматы» бағытында жеңіл автомашина жүк көлігімен соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Ал мамыр айында дәл осы жолда көлік апатынан тағы 5 адам қайтыс болды.

Қала сыртындағы жолдардың тағы бір проблемасы – мобильді байланыстың нашарлығы туралы мәселе көтерілді. Мысалы, «Қарағанды – Алматы» автожолын алатын болсақ, үш облыстың 500 км учаскесінде мобильді байланыс жоқ.

Бектенов Жол апатында зардап шеккендер көмекке шұғыл қызметтерді шақырта алмайтынын атап өтті. Осыған байланысты ЦДИАӨМ күре жолдарды мобильді байланыспен қамту қарқынын жеделдетуі қажет екені айтылды.

Тегтер: