Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:47, 19 Ақпан 2021

Үш облыста жол жабылды

None
None

Қазақстанда боранға байланысты үш облыстағы тасжол жабылды, — деп хабарлайды «Жас Алаш»

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысында 19 ақпанда сағат 09.

30-дан бастап 0-272 шақырымдық «Ленин-Ертіс-Русская Поляна» автожолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген. 

"Қазавтожол" мәліметінше, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тасжолдар жабылған. 

19 ақпанда сағат 08.15-те ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолындағы көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар, 19 ақпанда сағат 08.00-де "Өскемен-Семей", «Омск-Майқапшагай» тасжолдары жабылған. Сағат 08.15-тен бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысында «Омск-Майқапшағай» автожолында жүру шектелді. 

Тегтер: