Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:52, 12 Мамыр 2021

Үш рет өнім алу үш есеге өсті

None
None

Түркістан облысында бір егістіктен жылына үш рет өнім алу технологиясы шаруалар арасында зор қызығушылық тудыруда.

Биыл Ордабасы ауданында осы әдісті қолға алғандардың саны 257-ге жетті. Олар қазіргі таңда 524  гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, баптауда. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3 есеге артық. 

Жуырда ауданның шаруалары озық технологияның игілігін көре бастаған дихандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен Қарақұм ауылындағы 15 гектарға тамшылатып суғару әдісін енгізген жеке кәсіпкер Әмзебек Аманжоловпен кездесіп, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, үйіргелік жердің ауласындағы жылыжайда болды. Самат Сұлтанов кәсібін «Еңбек» бағдарламасы арқылы алған 555 мың грант қаржысына бастап, екі жылда төрт өнім алып, пайдаға кенелгенін атап өтті. 

Бөген ауыл округіндегі «Анар» шаруа қожалығы жер өңдеуде былтыр айтулы жетістіктерге жеткен. 5,7 гектар жерге жүгері мен мақта егіп, жүгеріні гектарынан 110 центнерден, мақтадан гектарынан 30 центнерден өнім алған. Шаруалардың назарына оңтайлы озық техникалар да ұсынылып, қолданылатын тыңайтқыштар туралы ақпараттар берілді. 

Сапар соңында ауыл әкімдерінің қатысуымен семинар өтті. Семинарда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әбілдә Әлібеков баяндама жасап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Тегтер: