Үш рет сөгіс алып, үшіншісінде сотталып кете жаздадым

Әскерге алғаш келгенімде қатты қиналдым.Әсіресе ауа райы әуре етті. Күзгі шақырылым болғандықтан, мұнда желтоқсанныңортасында келдік.
Айналаның бәрі қою қараңғылық. Түні де – түн, күні де – түн.
Дегенмен көшелер мен жұмыс орындары самаладайжап-жарық. Адамдар сол жарықпен жұмыс істейді. Полярлық түн деген осы екен. Күнсәулесі сәуірдің ортасынан төңіректі жарықтандыра бастайды. Түн сейіліп, қарашабасталғанша шуақты болып тұрады. Қазір ойлаймын, Кеңес Одағы өндірген бүкілэлектр қуатының тең жартысы осы Мурманск, Архангельск облыстарына кеткеншығар-ау деп.
Қанша ауыр болса да, шыдайтын адам шыдайдыекен. Қазір Қазақстанда жүріп бір жылға әрең төзетін жастарымыз кездеседі.Мурманскіде бүкіл ротада жалғыз қазақ болдым. Қасымдағылардың көбі орыс, әзірбайжан,армян, грузин ұлтының өкілдері. Нағыз интернационалды топ болдық.
Сөзімдіөткізе алмағаныма намыстандым
Біржарым жылдан соң соқырішек болып ауруханаға түстім. Ол кезде сержантпын, онжеті адамдық бөлімге жетекшілік етемін.Ішім қатты бүріп ауырғандықтан, қасымдағы жігіттер бірде арқалап, бірдеқолтығымнан демеп казармаға алып келді. Біраздан кейін жедел жәрдем келіп,әскери госпитальдан бір-ақ шықтым. Әскери медицинаның мықтылығы сол – ота бес-алтыминутқа ғана созылды. Дәрігерлер атымды, қай жақтан екенімді сұрады. Ота жасайжүріп, өзара ауа райының бүгін жылы болатынын, теңізден ызғырық соқпайтынын сөзқылып, маған мүлде көңіл аудармағандай кейіп танытты. Бағанадан қорқып жатқанменің көңілім орнына түскендей болды. Бір уақытта медбике ыдысқа салынған соқырішегімдіәкеліп көрсетті. «Сәл қалғанда жарылады екен», – деді күліп тұрып.
Ота жасап болған соң хирург: «Қазір демал,үш сағаттан соң ішіңді қатты басып, жүре беруіңе болады», – деді. Палатада бірнеше сағаттан соң тұрмақ болыпедім, тігілген жер қатты ауырып, қайта төсегіме құладым. Бірақ ертеңінде жүріпкеттім. Әскерде кездестіріп, ұнатып қалған қызым – Наташа күнде келіп тұратын.Үйінен әкелген тоқаштар мен тосапты тумбочкаға қалдырып кетіп жүрді.
Бір күні Наташа:«Сенің бөліміңдегі Самвел үйіне кеткелі жатыр», – деді. Қарамағымдағы солдатболғасын шығарып салайын деп ойладым. Дәрігерге ота орны ауырмайтынын айтып,бірер күнге ерте шықтым.
Самвел демекші,мен сержант атағын алған соң, рота командирі қарамағыма біраз жауынгерді бөліпберген-ді. Төрт грузин, екі армян, біршешен, қалғандары – орыс. Он жеті адам.
Күнде таңертеңасханадан шыққан соң, оларды қатарға тұрғызып, күзететін объектіге апаратынмын.Көшеге шығарда қолдарына жалауша беріп, бірін қатар алдына, екіншісін артқақоямын. Тәртіп солай. Ары-бері ағылып жатқан көліктерден абай болу үшін.Сөйтіп, бір солдатты алға жібердім де, екіншісіне «мынаны ұстап артта жүр» деп жалау ұсынып едім,қасарысып алмады. «Мен жуырда ғана ұстағам, ылғи мен ұстауым керек пе?» дегені.«Мә, ұста!» дедім айқайлап. Анау қыңырланып, саптан шықпады. Басқалары қараптұр. Іштерінен мысқылдап тұрғандай көрінді. Қол астымдағы жауынгерге сөзімді өткізе алмадым-ау деп қаттынамыстандым. Ызам келгені сонша – жалаушаның сабымен бетінен салып жібердім.Анау бетін ұстап, бақырып отыра кетті. Саусақтарының арасынан бұрқырап қан ағабастады. Бір-екі жауынгерге «мынаны медпунктке алып барындар» дедім. Артынанбілсем, көзінің астыңғы етін жарып жіберген екем. Оны медпунктте істейтінНаташа айтты. Осы әрекетім үшін рота командирінен қатаң сөгіс алдым.
Әскерде оқыс оқиғалар жиі кездесті. Мүмкін,жас кезімдегі тарпаң мінезімнен де шығар. Бірде казармада бір топ солдаттеледидар көріп отырғанбыз. Бір кезде Қазақстанды, орманды Көкшетауды, әсемБурабайды көрсетті. Қызғанды ма, әлде әдейі айтты ма, қасымдағы бір жігіт «Это– не Казахстан» дегені. «Почему так думаешь?» дедім оған, анау «Казахстан – это одни пески и верблюды, больше там ничегонет»,– деді қырсыға. Ашуланғаным сонша – орнымнан атып тұрып,белдігімді ағытып, темір жағымен әлгінің бетінен тартып жібердім. Тағы бірнешерет ұрғаным есімде. Көтеріле берген ол ыңырана бетін басып, қайтадан отыракетті. Белдіктің темірі құлағын жырып кетіпті. Командиріміз тағы да маған қатаңсөгіс беріп, осылай қайталансасержанттықтан алып тастайтынын ескертті. Сол күндері Наташаның «Саған тұрмысқашыққанда маған қол көтермейсің бе, осы?» деп, күдіктене қарағаны ойымнанкетпейді.
Кола түбегінің жазы жылы, қысы ызғарлы. Бізгеқыста арнайы қалың киімдер беретін. Мұзды мұхиттан соққан жел күзетте жүргенбізді қалтыратып жіберетін. Солдаттарды қатарға тұрғызып, объектіге кетіп баражатқанымда Наташа жүгіріп кеп, қағазға оралған затты қойныма тығатын. «Бұл не?»деген сұрағыма «Барғанда аздап ішіп жүр, сонда тоңбайсың» дейтін. Бұл поляраумағында кең тараған «Стрелецкий» деген арақ болатын. Қызғылт түстіболғанымен, ащы еді. Осы жайт жиі қайталанған соң: «Мені алқаш қып жібересіңөстіп», – деп ренжитінмін. Ол күліп: «Сен еш уақытта ішкіш болмайсың», – дейтін.Жас болса да, адамның қандай екенін аңғарады-ау деймін.
Күндетиісіп, айтқандарын істететін көрінеді
Бірдекөрші ротадан екі қазақ жігіті іздеп келді. Олардың бөлімінде біраз қазақ бареді. Көп араласпасам да, көргенімде қай жақтан екенін сұрап жүретінмін.Айтқандары – сондағы армян жігіттері бұларға күнде тиісіп, айтқандарыністететін көрінеді. «Реті келгенде сөйлесермін» дедім абыржығандарын басып.Кейін тағы бірнеше рет келді. Әлгі армяндармен сөйлеспекке нартәуекел деп, біркүні казармаларына бардым. Қазақтардың айтқаны – Арекелян дегені бастайтынкөрінеді. Сөйтіп, бұларды жабылып ұратын секілді. Сан жағынан қазақтараналардан көп, бірақ жасық.
Казармаларына келгенде бір қазақ жігіті онымеңзеп көрсетті. Ол болса шалқасынан төсекте жатыр. Ірі жігіт екен. Қалғандарыар жағында домино ойнап отыр. Қасына кеп: «Ей, ара (армянша«жігіт» деген сөз), я с тобой поговорить пришел», – дедім. Ол болса орнынан қозғалмай, «Какой дурак тебя сержантом назначил?!» дегенінамысыма тие сөйлеп. Домино ойнап отырғандары өре түрегелді. Анау орнынан қозғалмай әлі жатыр,маған не істей аласың дегендей түркөрсетіп. «Выходи один на один» деп, аяғынан теуіп жібердім. Ол орнынан атып тұрды. «Ты –трус, один сможешь выйти?» дедім жабылып кете ме деп қауіптеніп. «Сендер тыныштұрыңдар» дегендей болды қасындағыларға өз тілінде сөйлеп. Сөйтті де, айқайлапмаған тұра жүгірді. Сілтеген жұдырығын тигізбей жалт бұрылып, ту сыртынашықтым. Қасымда тұрған табуреткамен бүйірінен ұрғанымды білемін. Бері қарайбұрылған ол екі аттап, бүгіліп отыра кетті. Осыны пайдаланып тепкілей бастадым.Қарап тұрған жақтастары жабыла кетті. Нағыз қырғын енді басталды. Шамамкелгенше аналармен сермесіп жатырмын. Бір мезгілде «Ну-ка прекратите!» дедібіреу айқай сап. Қарасам, кезекші бөліммайоры келіп тұр. Айқай-шу сап басылды. Ареклян мықшиып әлі отыр. Жақтастарыныңбірнешеуі оны көтеріп, төсегіне жатқызды. Майор: «Қай жерің ауырып тұр?» дедіанаған. «Қабырғам» деді анау ыңырсып. Медпункттен зембіл әкелуге бір солдатты жіберді де, «кім кінәлі» дегендей бізге қарады. «Мынау кінәлі» деп,бәрі мені көрсетті. «Өз ротаңа бар, кейінірек сөйлесеміз» деді маған жекиқарап. Қатты алаңдап, ротаға келдім. Соттап жіберсе не істеймін деп ойладым.
Жарты сағаттанкейін әлгі майор және капитан Васильев бір-екі солдатпен маған келді. «Әкел погондарыңды», – деді майор ызғармен.Иығымдағы погондарымды жұлып алып, қолына бердім. «Мынаны штабқа алып барыңдар»,– деді жанындағы солдаттарға. Аналар мені штабқа алып келді. «Сотталатынболдым-ау» деп ойладым. Өңі қоңырқай полковникті анда-санда сыртынан көрушіедім. Қарсы алдымда сол тұр. Полк командирі екен. Әлгіндегі майор мен капитанВасильев те келді.
«Ал, сайра сарбазым» деп, полковник маған иек қақты. Болған жайтты қаз қалпындаайтып бердім. «Ана қазақтар сонда өздерін қорғай алмай ма?» деп, полковникренжи сөйлеп. «Сенің кінәң – аналарды қорғаймын деп, іздеп барғаның. Оларда дакінә бар. Төбелес ашпай, сөйлесуге болмай ма?» Біраз нәрсені анықтап сұрағансоң, мені «сыртта күт» деп шығарып жіберді. Ойым он саққа жүгіріп, есік алдындабіраз жүрдім. Аздан кейін кезекші солдат мені ішке шақырды. Полковниктің алдынақалтырап әрең келдім.
– Сен өзі мұндайтөбелесті бірнеше рет қайталаған көрінесің. Берілген сөгістерің бар екен.Ананың қабырғасына ауыр зақым келтіріпсің. Осы ісің үшін әскери трибуналғаберіп, соттатып жіберуге болар еді. Дегенмен осы жолы аналардың өздері кінәлі.Саған соңғы рет ескерту береміз, еліңе аман кеткің келсе тыныш жүр. Погондарынқайтарып бер, – деді капитанға қарап.
Қуанғанымнан казармаға жүгіріп келдім.Біраздан соң рота командирі погондарымды әкеп берді. «Погондарыңды тағып ал.Қайткенмен де сен жарадың, полковник сені «батыл қазақ екен» деп мақтады».Капитан осыны айтып жымиып күлді де, «объектідегі бөлімге бар» деді артынан.
Сөйтіп, әскердежүргенімде үш рет сөгіс алып, үшіншісінде сотталып кете жаздадым. Адам жаскезінде өзін дұрыс ұстап абайламаса, от пен суға түсіп кетуі оп-оңай-ау депойлаймын кейде сол бір жылдарды есіме алып.
БейсенғазыҰЛЫҚБЕК,
Журналистер одағының мүшесі