Бүгін, 16:48
«Үш жасар қыздың 18 тісін бір күнде емдеген»: Наркоз әсерінен бала қаза болды
Астанада жеке стоматологиялық клиникада 3 жасар қыздың қазасына қатысты сот өтіп жатыр.
Оқиға 2024 жылы 30 қазанда болған. Қыздың әкесі Талғат Құмаровтың айтуынша, бала наркоздан кейін оянбаған. Наркоз 3,5 сағатқа созылған, ал процедура тек үш сағатқа жоспарланған.
Қыздың өкпесі толық қалпына келмеген. Сараптама қорытындысы бойынша, клиника оның жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламаған, өлім гипоксия салдарынан болған және ми ісінуіне әкелген.
Бұл іс айыпталушы – Dent Park Ohno клиникасының анестезиологы Аида Жумағалиева.
Сот жалғасып жатыр.