Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:07

Ұшақ апатынан аман қалған балалар басқа елдің азаматтары екені анықталды

1
Фото: из открытых источников

Әзірбайжан әуе компаниясының ұшағы апатынан аман қалған балалар басқа елдердің азаматтары, деп хабарлады ҚР Білім министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті.

Комитет апаттан аман қалған балалардың Қазақстан азаматтары емес екенін хабарлады.

«Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала жеткізілді, олар басқа елдің азаматтары», - делінген хабарламада.

Комитеттегілер қазір балаларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын түсіндірді.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық омбудсмен оқиға орнында болып, зардап шеккендерге көмек көрсету барысын бақылайды.

Тегтер: