Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:28

Ушаков: Ресей мен АҚШ бейбіт келісім бойынша жұмыс топтарын құрады

Путин мен Трамп
Фото: ашық дереккөз

Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп Ақ үйдің бастамасымен 1 сағат 15 минутқа созылған телефон арқылы сөйлесу өткізді. Бұл әңгіме Трамптың Владимир Зеленскиймен Флоридада өтетін бүгінгі кездесуінің алдында болған.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Мәскеу Вашингтонның Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісімге қол қою үшін арнайы жұмыс топтарын құру жөніндегі ұсынысын қолдаған.

Жұмыс топтарының нақты форматы мен параметрлері қаңтар айының басында белгілі болады. Алдын ала мәліметке сәйкес, бірінші топ қауіпсіздік мәселелерімен, екіншісі экономикалық бағытпен айналысады.

Ушаковтың мәлімдеуінше, Трамп соғысты мүмкіндігінше тезірек аяқтағысы келетінін жеткізген. Сонымен қатар, Вашингтон мен Мәскеудің ортақ ұстанымы бойынша, ұрыс-қимылдардың тоқтауы Киевтің жауапты шешім қабылдауына байланысты.

Сондай-ақ АҚШ президенті Ресей-Украина соғысы аяқталғаннан кейін АҚШ пен Ресей арасында экономикалық ынтымақтастық үшін өте маңызды мүмкіндіктер бар екенін атап өткен.

Еске салайық, бұған дейін Аляскада Трамп пен Путиннің кездесуі өткен болатын.