Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:05, 17 Қараша 2022

Үшінші мегаполис – көшбасшы

None
None

Осы аптада премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында еліміздің қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік даму қорытындысы шығарылды.

Жиын барысында премьер-министр Шымкентте барлық сала бойынша оң өсім сақталып тұрғанын және атқарылуға тиіс межелерді орындауда елімізде көшбасшы өңірлер қатарында екенін атап өтті.

Биыл Шымкентте өнеркәсіп өнім көлемі 750,3 миллиард теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 105,8 пайызды құраған. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 107,3 пайыз болып отыр.

 Инвестиция көлемі 403,2 миллиард теңгеге жетіп, былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,3 пайызға артқан. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттің үлесі –  93 миллиард теңге, жеке инвестицияның көлемі 310,2 миллиард теңге. Шымкентте соңғы жылдары кәсіпорын ашқысы келетін инвесторлардың саны артып келеді.

Үшінші мегаполисте 10 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 150 миллиард теңге немесе 138,6 пайызды құраған. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 599 мың шаршы метр немесе 126,2 пайызға жетіп отыр. Сауда көлемі – 1 578,3 миллиард теңге болып, нақты көлем индексі 14,8 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда – 482,1 миллиард теңге, нақты көлем индексі 112,1 пайыз, көтерме сауда 1 091,3 миллиард теңге (116 пайыз). Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 1 пайызға, жүк айналымы 4,6 пайызға артты.

Бүгінде әкімдерге жүктелген міндеттердің бірі –  азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Қымбатшылықты болдырмау үшін қажетті шараларды қолға алу. Бұл бағытта Шымкентте біршама оң тірліктер бар. Мәселен, жуырда мегаполисте GraMad сауда желісінің халық тығыз орналасқан Қатын көпір шағын ауданында 20-сыншы нүктесі іске қосылды. Аталған сауда орны осындағы 20 мыңға жуық халықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге кірісті.  

Жалпы алаңы 400 шаршы метрді құрайтын бұл жобаға жалпы 80 миллион теңге жеке инвестиция құйылып, 20 адам жұмыспен қамтылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, GraMad сауда желісінің негізгі бағыты – 2019 жылдан бастап үй жанындағы дүкен форматында өз тұтынушыларына алуан түрлі тауарлар ассортиментін ұсынып, жергілікті тауар өндірушілерді тікелей қолдау. Оған қоса, Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе GraMad сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы болып табылады.

Алдағы уақытта дүкендер санын 25-ке жеткізу жоспарланып отыр.

Тегтер: