Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:47

Ұшқыштарға лазермен кедергі келтіргендер 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін

Ұшақ
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Қылмыстық кодексіне жаңа 352-1-бап енгізілді. Ол әуе кемесін басқаруға кедергі келтіру мақсатында лазерлік құрылғыларды немесе ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданғандарға қылмыстық жауапкершілік жүктейді.

98 дерек тіркелген
Авиациялық қызметтердің мәліметінше, кейінгі алты жылда әуе лайнерлері экипаждарын лазермен кедергі келтіру бойынша 98 жағдай тіркелген. Мұндай оқиғалардың ең көбі Алматы әуежайында орын алған. Мәселен, 2017 жылы сегіз оқиға тіркелсе, 2023 жылы олардың саны 30-ға жеткен.

Қатаң жаза қарастырылған
Бұған дейін мұндай әрекетке арнайы қылмыстық жауапкершілік заңда көрсетілмеген еді. Енді жаңа бапқа сәйкес, жазаның түрі істің салдарына қарай белгіленеді. Ол айыппұлдан бастап 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қамтуы мүмкін.

Тегтер: