Үштөбеліктер: Ауыз су бермесе сайлауға бармаймыз

13.05.2019, 23:48

191

Қарағандының іргесінде орналасқан Үштөбе ауылыныңтұрғындары көктем шығысымен ауыз су тапшылығына ұрынады.

Төрт жарыммыңдай тұрғыны бар Үштөбе ауылы Қарағанды қаласына он екі шақырымдай қашықтықтаорналасқан.Үштөбеліктер 2011 жылдан бастап ауыз суға жарымай келе жатқанын жырқылып айтуда. Өткен аптада үш күн бойы ауыз су болмай қалып ораза ұстаған жұрт«әжептәуір қиналып қалдық» деп наразы болуда. Бүгін шыдамдары әбден таусылған жұртҮштөбе ауылының әкіміне барып, іште қордаланып қалған қынжылыстарын білдірді. Ауылдағыжұрттың айтуынша көктем шығысымен мұнда ауыз су берілмей тоқтап қалады. Сукейде күндіз немесе түнде бір сағатқа ғана беріледі.

«Әнеу күні су құбырыжарылды. Сонда жөндеп жатқан ешкімді көргеміз жоқ. Біз сабыр сақтап әне береді,міне береді деп үйде күтіп отырдық. Менің жеті балам бар, барлығы мектепкебарады. Бүгін мектептен оларды жуындыру үшін түнімен тостық. Ақыр соңындажуындыра алмадық қой.Өзі ораза ұстап жүрміз. Ана жолдары тіпті таңғы жетіде сукелгенде балаларды оятып шомылдырып алатынбыз. Өйткені таңғы жетіден сегізгедейін су береді бітті күні бойы су жоқ болады. Ораза ғой түнде сәресіне дейінұйықтамай суды тосып жүріп құйып алдық. Енді осы адамшылыққа жата ма», —  дейді Үштөбе ауылының тұрғыны Дина БАКЕНОВА.

Үштөбе ауылына2011 жылы мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасымен ауыз су тартылған.Тұрғындардыңайтуынша құбырлар жаңа болсада авария көп болады. Ал осы ауылдағы жұртты ауызсумен  2016 жылдан бері  «Промсервис» ЖШС қамтамасыз етіп келеді. Бұлфирма жарияланған тендер бойынша жеңіске жетіп, осы қызметті алған. Ал жалпы сужелісі мемлекеттік коммуналдық меншікте көрінеді.

«Су желісін тартқан кезде әуел бастан  дұрыс қойылмаған. Техникалық жағын билік  қадағаламаған, қанша скважина салу керек, суқұбырларын қаншасын қай жерлерге  тартуқажет, соның барлығын әуелгіде ешкім қадағаламаған. Әйтеуір атүсті су тарту керекдеп жасала салған шаруа ғой», — дейді Үштөбе ауылының тұрғыны Амантай АКИМОВ.

Үштөбе ауылыныңәкімі Елтай САРГИЗОВ «тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге жауапты Промсервис ЖШС жұмысын сапасыз жасауын қоймаса,онымен арадағы келісімді сот арқылы бұзып, суды үздіксіз беруге жағдай жасаймыз»деп жұртты сабырға шақыруға тырысты. Ауылға жазда сағаттап берілетін судың өзішеткі көшелерге қысым аз болғандықтан жетпей қалады екен.Бұл көшенің тұрғындарыамалсыз ауыз суды қаладан тасып ішіп отыр. Ауыл әкімі жұрт суға есептеуқұрылғысын орнатпай, жазда бау бақшасын суарады, осының салдарынан барлығынабірдей су жетпейді деген уәжін де білдірді. Биліктің әдеттегі уәдесіненжалыққан жұрт алдағы өтетін сайлауға қатыспай, «байкот» жариялаймыз деп отыр.

«Біз суға ақша төлеп отырмыз. Бірақ су жоқ. Айта-айташаршадық. Жергілікті биліктен еш пайда жоқ. Егер ауыз суға жарымай осылай отыраберсек сайлауға бармаймын. Көршілерім де бармаймыз деп отыр. Біз осылай биліккеталап қоямыз», — дейді Үштөбе ауылының тұрғыны Галина РОГОЗОВА.

Ауылды суменқамтамасыз ететін Промсервис ЖШС су қысымын көтеру үшін насос қондырғысын ауылдағыәкімшілік орнатпай отыр, бұған қаражат қарастырылмайды дегенді айтады.

«Жазда Үштөбенің халқы ауыз суды бау-бақша көп құртады. Есептеу құрылғыларын орнатпайды. Шаруашылыққа олар өздері құдық қазып алу керек. Әкімшілік қосымша насос қоямыз, құдық қазамыз деген. Бірақ әлі ештеңе жасалмады.Су желісі әкімшілікке тиесілі», — дейді «Промсервис» компаниясының коммерциялық директоры міндетін атқарушы Алексей ЛИ.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28