Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:20, 02 Маусым 2022

«Үтік басқан» Азамат Батырбаевқа арналады

None
None

Күйші Шәміл Әбілтай жақында тағы бір жаңа күйдің тұсауын кесті. Су жаңа күй «Қаңтар қырғынында» Талдықорған қаласында Назарбаевтың ескерткішін құлатқан Азамат Батырбаевқа арнаған екен.

Күйдің шығуы туралы автор былай деп баяндайды. «2022 жыл есте қалатын жыл болды. Қазақта «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деген мақал бар. Сол айтпақшы, «Қаңтар қырғынын» 30 жылғы ойранның соңы деп білеміз. Лас, жиіркенішті, таққа таластан туындаған, дәріптеуге болмайтын жағдай деп білем. Қысқасын айтсам, қырғында менің көңілімде бір-ақ адам қалды. Ол – Талдықорған қаласындағы Назарбаевтың ескерткішін жүк көлігімен сүйреп, құлатқан Азамат Батырбаев деген батыр жігіт. Азамат бес баланың әкесі көрінеді. Бес баласы бола тұра, осындай ерлікке баруы нағыз ерлік, патриотизм деп санаймын. Әрине ол көрінген ескерткішті құлата беретін ақымақ жігіт емес. Оған бұрынғы биліктің, экс-президенттің кесапат тірлігіне қарсы, жалпы халықтың ашу-ызасынан туған күштен туындағаны баршаға аян. Көпшілік халық оны «ескерткішті құлат» деп жұмсаған жоқ. Өзінің жүрегінің әмірімен жасады. Осы жағдайдан соң, басында «Қаңтар қырғынына» арнасам ба деп ойлап жүріп, жиіркенішті, лас оқиға болғаннан кейін өнерді ластағым келмеді. Осылайша, бұл күйімді Азамат Батырбаевқа арнап, «Үтік басқан» деген атау беріп, күйді өмірге әкелдім. Ол бұл күйге зәру емес болса да, оны халыққа дәріптеу дұрыс деп шештім» – дейді белгілі күйші Ш. Әбілтай.

Тегтер: