12:32, 15 Ақпан 2022
Утильалым мөлшерлемесі қашан белгіленетіні айтылды

Қазақстанда ақпанның аяғына дейін кәдеге жарату төлемінің жаңа мөлшерлемесі қабылданады.
Бұл туралы үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.
Ол кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және қаражатқа иелік ету функциялары мемлекеттің 100 пайыз қатысу үлесі бар ведомстволық бағынысты ұйымы — «Жасыл Даму» АҚ-қа берілгенін еске салды.
«Директорлар құрамы бекітілді. Айта кетерлік жайт, директорлар құрамына қоғам өкілдері кірді. Сондай-ақ, „Атамекен“ ҰКП алаңында күн сайын утильалым мөлшерлемелерін қайта қарау мәселесі бойынша қоғам, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдар қатысқан жұмыс тобының отырыстары өтіп жатыр, — деді министр.