Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 22 Ақпан 2022

Утилизациялық алым ставкасы ертең жарияланады

None
None

Қазақстан утилизациялық алымның жаңа ставкалары қанша теңге болатынын анықтады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеп отыр.

«Ертең автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникаларына утилизациялық алым ставкалары жарияланады», — деді министр үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын төмендету көзделіп отырғанын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар премьер қоршаған ортаны ластайтын заттарды төмендетуге, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін, жетілдіру, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Тегтер: