Үй жинауға келген әйелді 17 жастағы жасөспірім пышақтап, қоқысқа тастаған

21 шілдеде үйінен шығып кеткен 26 жастағы Диана Оңғарбаева өлі табылды.
Марқұмның өлімі туралы заңгер Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде мәлім етті. Оның жазуынша, Диана Telegram арнасында жарияланған «үй жинаушы керек» деген хабарландыру арқылы белгісіз мекенжайға барған.
Туыстары таратқан ақпаратта қызды 17 жастағы жасөспірім пышақтап өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған.
«Өкінішке орай біз іздеген Шымкент қаласының тұрғыны өлі табылыпты. 17 жасар жігіт 16 жерінен пышақтап өлтіріп, мусорға тыстап кеткен. 10 күн болыпты, телеграм каналына «жұмыс бар» деген, үй жинау керек деп салған екен, қыз сол хабарландырумен барған. Өте ауыр жағдай. Екі кішкентай қызы мен жолдасы қалды артында», - деп жазды заңгер.
Полиция "Адам өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Полиция жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барлық мән-жайды анықтауға бағытталған», - делінген хабарламада.

Хат авторынан: Өтініш! Қыздарға ескерту жасаңызшы, көзі жетпей ешқандай машинаға отырмасын, ешқандай жұмысқа бармасын!