Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:01, 23 Сәуір 2021

Ұялы телефонға тәуелді ұрпақ

None
None

 Олардың қолына әдеби кітап ұстату оңай ма?

Технологиясы қарыштап дамыған заманда қаршадай баладан еңкейген кәріге дейін қолдарынан күні бойы ұялы телефон  түспейтіні анық. Бүгінгі таңда  мектеп жасындағы балалар үшін ұялы телефонның қаупі жоғары болып тұр. Ұзақ уақыт ұялы телефон ұстайтын әрі ғаламтор желісіне тәуелді баланың  сабақты қабылдау деңгейі төмендеп кететінін ешқандай ғылыми зерттеусіз-ақ аңғаруға болады. Таңның атысы мен күннің батысына дейін күнкөріс қамымен жұмыста жүретін ата-ананың баланы үнемі бақылай алмайтыны анық. Ұялы телефонды басты байлығына балайтын осындай оқушының  қолына әдеби кітапты ұстату, әрине, оңай шаруа емес.          Соңғы жылдары білім саласында оқушыларды әдеби кітаптар оқуға талпындыратын түрлі жобалар қолға алына бастады. Мұндай жобалардың үздіксіз жүргізілуі бала тәрбиесі үшін нәтиже беретіні мәлім. «Әдебиет –  ардың ісі» демекші, жазушы мен ақын шығармасы арқылы жеке тұлғаның азамат болып қалыптасуына үлес қоса алады.        Қарағанды облысы мектептерінде баланы көркем әдебиетке ынталандыру мақсатында соңғы жылдары «Өнегелі өмір», «Бір отбасы – бір кітап», «Оқуға құштар мектеп», «Туған жерге тағзым», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында «Ұлы даланың жеті қыры»  т.б. бірнеше жобалар мен бағдарламалар қарқынды жүргізіліп келеді. Қаланың  қазақ тілінде білім беретін №4 орта мектебінде өңірге  танымал ақын-жазушылармен онлайн кездесу, сыр-сұхбат көбірек өткізілуде. Сұхбат барысында жоғары сынып оқушылары өмірден өз орнын тапқан танымал тұлғаларға  сауалдарын жолдап, қызығушылық білдіруде.       Ал «Бір отбасы – бір кітап» акциясы барысында оқушы отбасымен бірге оқыған кітабы туралы бейнеролик түсіріп, шығарма кейіпкерлері туралы баяндайды. Бұл оқушылардың әдеби шығармаға деген бетбұрысын түзететін насихат жұмыстарының бірегейі болып табылары анық.

Тегтер: