Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:54, 11 Қаңтар 2024

Үйлер сатылған бағасына сай емес: үлескерлер прокуратураға арыз жазды

үй
Фото: из Almaty tv

Алматыда халықаралық деңгейдегі құрылыс компаниясына наразы жұрт салынған үйдің сапасына көңілдері толмай прокуратураға арызданды. Үлескерлердің айтуынша, жылдар бойы салынған баспаналар қолданысқа берілмей жатып-ақ сырты бүлініп, біраз олқылық табылып жатыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Баспана алған үлескерлер "бұл – біздің берген баға емес" деуде. Олардың айтуынша, алған үйлері жарнамасына да, өз құнына да сай болмай шыққан. Үйлер әлі күнге дейін ресми түрде қолданысқа берілмеген. Алайда адамдар өздері көшіп келіп, тұрып жатқандарын айтты. Тіпті үйдің құжаттары да қолдарына тимеген. 

– Құжаты жоқ, ауада тұрып жатқандаймыз. Сатып алғанда шаршы метріне 950 мың теңге төледік. Ол құжатта көрсетілген. 2022 жылы алдық. Қазіргі бағасы одан да көп деп ойлаймын, – деді үлескер Бақтығали Қауменов.

– Бізге премиум санаттағы мықты үйлер деп сатқан. Ондай түгі де жоқ. Атына заты сай емес. Тіпті эконом санаттағы үйлер жақсы. Құрылысы әлі жүріп жатыр. Қасбеттері дұрыс салынбаған. Қираған тұстары да бар. Қоқыс үйіліп жатыр. Қолданысқа беретін уақытын да кейінге шегере береді, – деді үлескер Татьяна Алайк.

Ал құрылыс компаниясының өкілдері болса «құрылысқа қатысты олқылыққа жауапты біз емес, бізден тапсырыс алғандар жауапты» деп жауап берді.

– Қазіргі таңда RAMS Qazaqstan компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз өз тарапымыздан, заң жағынан шағым жазып, сотқа дайындалып жатырмыз. Түбегейлі мына мәселе шешілмесе, соттасамыз. Бұл – біздің жауабымыз, – деді құрылыс компаниясының өкілі Нұрлыбек Сұлтан Нүсіпжанов.

 

Тегтер: