Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:40, 31 Мамыр 2021

Үздіктерге үміт артқан Алтынбеков

None
None

Жезқазған қаласында Халықаралық   «Алтын жүрек» сыйлығының иегері, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты,  Бекзат Алтынбековтың демеушілігімен, аймақтағы орта мектептің үздік оқушыларына дәстүрлі шәкіртақы тапсырды.

 Мұндай құрметке 21 шәкірт ие болды. Биылғы марапат  Алаштың ардақты тұлғалары: Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбайтегі, Баубек Бұлқышев, Кеңес одағының батыры, даңқты ұшқыш Нүркен Әбдіров және ұлт ұстаздары мен басқа да мемлекет және қоғам қайраткерлері атындағы номинациялар бойынша берілді.

-«Жарқын бастаманың мақсаты-жас өреннің жарқын болашаққа деген сенімі мен үмітін үндестіріп, рухани жаңғыру арқылы әлем мойындар табысты ел болуға, білім мен білігін туған отанын өркендетуге  арнауға ұмытылдыру. Білімді ұрпақтың ұтары көп екенін санасына сіңіре отырып тәрбиелеу»,-деді шырайлы басқосуда сөз алған Бекзат Қомарұлы.

Зейінді балғындарға ақшалай сыйлықты қала басшылары, білім саласының ардагерлер ұстаздары үлестірді. Мәрт тұлғаның марапатына ие болған мейман балалар салтанатты рәсімнен кейін Жошы хан мен Алаша хан  кесенесіне саяхаттады.  Айта кеткен жөн, ұлт болашағының өркен жаюына патриоттық тұлғасымен, өнегелі ісімен сүбелі үлес қосып келе жатқан  арқаның атымтай жомарты Бекзат Алтынбеков  облыстағы үздік оқушылар мен аз қамтылған, көп балалы отбасылардың және қамқоршысынан айырылған  өрендерге  15 жылдан бері шәкіртақысын табыстап келеді.

Тегтер: